XVII Республикалық пәндік олимпиада
- 1 view
Студенттер арасындағы XVII Республикалық пәндік олимпиадаға Ж.А.Тәшенев атындағы университеттің «АКТ» кафедрасының білім алушылары қатысты.
Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы XVII Республикалық пәндік олимпиада Алматы қаласындағы "Тұран" университетінде өтті. Осы олимпиадаға Ж.А.Тәшенев атындағы университеттің «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» кафедрасының оқытушылары Рахметуллақызы Айсұлу мен Сматұлла Тоғжан және «6В06102 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» білім беру бағдарламасының білім алушылары:
1️⃣ Кеңесбек Ердәулет
2️⃣ Бегалиев Махсад
3️⃣ Серікбай Данияр
Олимпиаданың I кезеңінен өтіп, II кезеңіне қатысты.
Осы маңызды оқиға біз үшін үлкен тәжірибе болды және болашақта да осындай жетістіктерге жетуге ұмтылатынымызды білдіреміз!
Барлық қатысушыларға және жетекшілерімізге үлкен алғыс айтамыз!