Интерактивті мультимедия тақтаны оқыту процесінде пайдалану

Оқу жылы: 2013-2014
Тыңдаушылар саны: 121

2013 жылы қараша айынан бастап, наурыз айына дейін “Сырдария” университетінің мультимедиалық оқу орталығында бітіруші студенттер үшін “Интерактивті  мультимедиялық тақтаны оқыту процесінде пайдалану” біліктілікті көтеру курстары ұйымдастырылды.

Курсты тыңдаушылар контингенті 304 студент болуына байланысты сабақтарды төрт лекке бөліп оқыту жоспарланды (3 лек– 1-ші жарты жылда, 1 лек–2-ші жарты жылда), ал 121 студент (40%) осы курсы толық бітірді (төменгі кестеде көрсетілген).

Барлық сабақтар екі компьютерлік сыныптарда басқарылды: виртуалды кітапханада және қашықтан оқыту орталығында аудиториялар заманауи компьютерлік техникамен, яғни, интерактивтік тақтамен, проектормен және өте жылдам Интернетпен жабдықталған.

Бұл оқу курсы университет түлектерін болашақ педагогикалық қызметке жан-жақты сапалы дайындау мақсатында өткізілуде.

Осы курста қажетті білімдерді меңгеріп, сертификат алған жас мамандар, “Сырдария” университетінің түлектері заманауи компьютерлік технологияларды емін-еркін пайдаланып, білім беру мекемелерінде белсенді түрде педагогикалық қызмет атқара алады.

Оқу курсының сабақтары 60 сағаттан тұрады: олардың 12 сағаты лекция, 36 сағаты лабараториялық және 12 сағаты студенттің өзіндік жұмыс (СӨЖ) сағаты түрінде өтіледі.

Практикалық жұмыстарда студенттер Power Point қолданбалы бағдарламасын меңгерді, ол мультимедиа презентациясы дайындауға мүмкіндік береді.

Курс жетекшілерін С.Шпенглер мен С. Алтынбеков cабақты өту мақсатында ғылыми кеңесте бекітілген оқу бағдарламасын,  күнтізбектік тақырыптық жоспарын және оқу әдістемелік құралдарын жасап, солардың негізінде сабақтар өтілді.

Интерактивті тақтада ашық сабақтар өту үшін студенттер бірнеше күндер аралығында жеке баяндамаларды PowerPoint қолданбалы бағдарламасында дайындады. Баяндамаларды қорғау кезінде басқа мамандықтардың студенттері және оқытушылары қатысып қосымша сұрақтар қойылды.

Студенттерге баяндамаларды дайындау үшін жеті жыл аралығында ҚОО-да өнделген 230 электронды оқулықтар көмекке берілді. Бұл оқулықтардан студенттер өздеріне керекті лекция мәтіндерін, сурет-галереядан суреттер мен бейнелеулерді, аудио және бейне-файлдар қолданды. Сонымен қатар, оқу барысында студенттер керекті мәліметтер тауып алу мүмкіндік беретін Интернет желісі қорын белсенді пайдаланды.

Оқу курсы аяқталғанда студенттерге екі апта бойы алған білімдерін растайтын сертификаттар берілді. Студенттерге оқытушылардың дайындаған баяндамалары көрсетілді.

Баяндамалар MS PowerPoint 2003,2007 бағдарламамен жасалған, әр баяндамада мультимедиа элементтерінен құралған: мәтін, суреттер, фото, видео және дыбыстар.

Жаңа пікірді жазу

Ограниченный HTML

  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a href hreflang> <em> <strong> <cite> <blockquote cite> <code> <ul type> <ol start type> <li> <dl> <dt> <dd> <h2 id> <h3 id> <h4 id> <h5 id> <h6 id>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
  • Web page addresses and email addresses turn into links automatically.

Оқиға категориялары