Интерактивті мультимедия тақтаны оқыту процесінде пайдалану
- 1 view
2012 жылы қыркүйек айынан бастап, наурыз айына дейін “Сырдария” университетінің мультимедиалық оқу орталығында бітіруші студенттер үшін “Интерактивті мультимедиялық тақтаны оқыту процесінде пайдалану” біліктілікті көтеру курстары ұйымдастырылды.
Курсты тыңдаушылар контингенті 198 студент болуына байланысты сабақтарды алты лекке бөліп оқыту жоспарланды, ал 157 студент осы курсы толық бітірді (төменгі кестеде көрсетілген).
Барлық сабақтар екі компьютерлік сыныптарда басқарылды: виртуалды кітапханада және қашықтан оқыту орталығында аудиториялар заманауи компьютерлік техникамен, яғни, интерактивтік тақтамен, проектормен және өте жылдам Интернетпен жабдықталған.
Бұл оқу курсы университет түлектерін болашақ педагогикалық қызметке жан-жақты сапалы дайындау мақсатында өткізілуде.
Осы курста қажетті білімдерді меңгеріп, сертификат алған жас мамандар, “Сырдария” университетінің түлектері заманауи компьютерлік технологияларды емін-еркін пайдаланып, білім беру мекемелерінде белсенді түрде педагогикалық қызмет атқара алады.
Оқу курсының сабақтары 60 сағаттан тұрады: олардың 12 сағаты лекция, 36 сағаты лабараториялық және 12 сағаты студенттің өзіндік жұмыс (СӨЖ) сағаты түрінде өтіледі.
Практикалық жұмыстарда студенттер Power Point қолданбалы бағдарламасын меңгерді, ол мультимедиа презентациясы дайындауға мүмкіндік береді.
Курс жетекшілерін С.Шпенглер мен С. Алтынбеков cабақты өту мақсатында ғылыми кеңесте бекітілген оқу бағдарламасын, күнтізбектік тақырыптық жоспарын және оқу әдістемелік құралдарын жасап, солардың негізінде сабақтар өтілді.
Барлық сабақтар екі арнайы компьтерлік сыныптарда: заманауи компьтерлік техникамен, оның ішінде интерактивті тақта мен жоғары жылдамдықтағы интернет желісімен жабдықталған виртуальды кітапхана мен қашықтан оқыту кабинетінде өткізілді.
Интерактивті тақтада ашық сабақтар өту үшін студенттер бірнеше күндер аралығында жеке баяндамаларды Power Point қолданбалы бағдарламасында дайындады. Баяндамаларды қорғау кезінде басқа мамандықтардың студенттері және оқытушылары қатысып қосымша сұрақтар қойылды.
Студенттерге баяндамаларды дайындау үшін бес жыл аралығында ҚОО-да өнделген 200 электронды оқулықтар көмекке берілді. Бұл оқулықтардан студенттер өздеріне керекті лекция мәтіндерін, сурет-галереядан суреттер мен бейнелеулерді, аудио және бейне-файлдар қолданды. Сонымен қатар, оқу барысында студенттер керекті мәліметтер тауып алу мүмкіндік беретін Интернет желісі қорын белсенді пайдаланды.
Оқу курсы аяқталғанда студенттерге екі апта бойы алған білімдерін растайтын сертификаттар берілді. Студенттерге оқытушылардың дайындаған баяндамалары көрсетілді.
Баяндамалар MS PowerPoint 2003, 2007 бағдарламамен жасалған, әр баяндамада мультимедиа элементтерінен құралған: мәтін, суреттер, фото, видео және дыбыстар.
Оқиға категориялары
►"Zan" деректер қоры ► Tilqural.kz ► Tilalemi.kz ► Balatili.kz ► Emle.kz ► Termincom.kz ► Sozdikqor.kz ► Qazcorpora.kz ► Qujat.kz ► Tilmedia.kz ► Atau.kz ► Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет
Жаңа пікірді жазу