Конституция күнімен!

Құрметті Тәшенев университетінің студенттері мен ұжымы!
Қадірлі достар!

Бүгін еліміз үшін айтулы күндердің бірі, бүкілхалықтық мереке – Конституция күні. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекетіміздің бүгінгі құрылымын шынайы бейнелеген, ұлттық мақсатты айқындап берген темірқазық.
Сіздерді бүгінгі мемлекеттік мерекемен шын жүректен құттықтаймын!
1995 жылы Қазақстан халқы референдумда қабылдаған Ата Заң ұлттық құқық жүйесінің бәсекеге қабілеттілігінің кепіліне айналды. Конституциялық қағидаларды берік ұстану заңдардың қызмет аясын кеңейтіп, құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның үдемелі дамуына жол ашты.
Бүгінде Қазақстан демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекет, өркениетті қоғам құру жолында өз бағытын берік ұстанып келеді.
Тәуелсіз еліміздің Конституциясы қабылданған күнмен құттықтай отырып, баршаңыздың отбасыларыңызға амандық, құт-береке тілейміз. Рухтарыңыз асқақ, келешекке деген сенімдеріңіз айқын, жігерлеріңіз қайратты, әрбір бастамаларыңыз ел игілігі үшін жемісті болсын!
Құрметпен, университет ректоры - Байболов Қанат Сейтжанұлы
 

Оқиға категориялары