Ұлттық валюта күні

2023 жылдың 13 қараша мен 14  қараша  аралығында 15 қараша – Қазақстан Республикасының Ұлттық валюта күніне орай  «Теңге –Қазақстан тәуелсіздігінің символы» атты тақырыбында іс-шара өткізілді.

2023 жылдың 13 мен 15 қараша аралығында Экономика және құқық кафедрасы 15-қараша Ұлттық валюта күніне арналған «ТЕҢГЕ –ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ СИМВОЛЫ!» салтанатты іс-шара  ұйымдастырып өткізді. 
Ел егемендігінің белгісі – мемлекеттік рәміздер ғана емес, сонымен қатар ұлттық валюта да тәуелсіздік атрибуттарының бірі. Ұлттық валютаны қалыптастыру көп күш пен еңбекті талап ететін күрделі үдеріс. Дегенмен, Қазақстан тәуелсіздігін алғанына 2 жыл толмай жатып, 1993 жылы 15 қараша күні теңгені ресми түрде ақша айналымына енгізіп үлгерді. Содан бері елімізде бұл дата ұлттық валюта күні ретінде тойланып келе жатыр. Биыл ұлттық валютамыз – теңгенің қаржы нарығында айналымға енгеніне сонау 1993 жылдан бастап 30 жыл толып отыр.Егемен еліміздің темірқазығына айналған ұлттық валютаның айналымға түсуі – қоғам өміріндегі аса маңызды оқиға болды.
 
 Іс-шарамызға Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университетіміздің  ректоры, т.ғ.к., доцент Қанат Сейтжанұлы Байболов мырза, оқу және оқу-әдістемелік ісі жөніндегі проректор – э.ғ.к., доцент ,Байнеева Парида Тұрғынбайқызы,  ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша проректор – педагогика ғылымдрының кандидаты, доцент Арзымбетова Шолпан Жақсылыкқызы, тәрбие ісі жөніндегі проректор – Битұрсын Ғалымжан Шәмшиддинұлы, Оразов Бексултан Даулетович  – «ІT, экономика жэне құқық»  факультеті деканың м.а. салтатантты кешімізді  ашып берді.
  
Және оқу ордамыздың бітіруші  түлектерді жұмыспен қамтамассыз етуші жұмысберушілер  мен қонақтар қатысты:
1.    ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі "Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі Мемлекеттік комиссия республикалық мемлекеттік мекемесінің Түркістан облыстық филиалының басшысы  -  Жумжаев Ғалым Құралбекұлы - 
2.    – Азала Котон ЖШС қаржылық директоры - Байтилеуов Сәбит Султанұлы
3.    Расилова Айнур Айхинбековна – Шымкент өңірлік филиалының карточкалық бизнес орталығының бас менеджеріа
4.    Жармухамбетова Алмагуль Қазыбаевна- «Казпошта» АҚ Шымкент поштамты филиалының   бизнес жөніндегі директорының орынбасары.
5.    Сарсенова Анара Кайроллаевна – Бизнес-тренер
6.    Юлдашева Дильшода Муминтаевна –
7.    Макулбаев Ануар Орынбекович   - АҚ Fortebank филиалының директоры
8.    Бегалиев Алибек Бекжигитович - "Fortebank"АҚ заңды тұлғаларды кредиттеу жөніндегі директордың орынбасары
Соңында  жұмысберушілер алғыс хаттармен марапатталды.
  
Ұйымдастырылған іс-шара төрт кезеңнен  өтті ол:
Бірінші кезең:  Мамандықтар бойынша «Ең үздік қабырға газеті"  конкурсін өтткіздік. Бірінші орынды Шынтасов Варисхан – ИЭФ-22-3к, екінші Сайдикрамов Закир – ИЭФ-22-1к, үшінші орын – ИЭФ-20-3к Миррахимова Нулифар
Екінші кезең: “Ұлттық валюта - төл теңге” атты тақырыбында ғылыми семинар өткіздік және жұмыс берушілермен кездесу. 
1.    IT менеджмент блім беру бағдарламасының 2 курс  студенті – Битас Асель  – «Тенге – Қазақстан тәуелсіздігінің символы» тақырыбында баяндамасын ұсынады. Ғылыми жетекші – Аширбаева Сауле Бахытжановна – «Зерттелген мәселенің өзектілігі» номинациясының жеңімпазы аталды.
2.    Қаржы білім беру бағдарламасының 3 курс  студенті – Тентиев Диас – «Особенности национальной валюты республики Казахстан» тақырыбында баяндамасын ұсынады. Ғылыми жетекші Абдурахманова Зулпаруза Амирбековна - І орын дипломына ие болды.
1.    Есеп және аудит блім беру бағдарламасының 1 курс  студенті – Аширбек Қасиет Алиасқарқызы – «Ақшаның шығу тарихі» тақырыбында баяндамасын ұсынады, ғылыми жетекшісі – Жасан Гүлсезім Жасанқызы – ІІ орын дипломына ие болды. 
2.    «Қаржы білім беру бағдарламасының»  2 курс  студенті «Валюталық баға және оны реттеу» тақырыбында баяндамасын ұсынды  Жайлибаева Надира Мухтарқызы – ИЭФ-20-3к - ІІ орын дипломына ие болды.
3.    IT менеджмент блім беру бағдарламасының 2 курс  студенті – Стрельникова Марина – «Валютное регулирование и валютный контроль в РК» тақырыбында баяндамасын ұсынады. Ғылыми жетекші: Абдурахманова Зулпаруза Амирбековна - Ш орын дипломына ие болды.
4.    IT менеджмент блім беру бағдарламасының 2 курс  студенті – Мацукова Дарья – «Проблемы национальной валюты» тақырыбында баяндамасын ұсынады.– Ғылыми жетекші: Аширбаева Сауле Бахытжановна - ІІІ орын дипломына ие болды.

Үшінші кезең: Қазақстан Республикасының «Теңге–Қазақстан тәуелсіздігінің символы» күніне  студенттер арасында мамандықтар бойынша блиц-турнир өткізу (Командалардың таныстыруы, эмблеманы қорғау, сұрақ-жауап, ойын Енді ой сергіту мақсатында сіздермен сұрақ жауап-сайысын ұймдастыру)
15 қарашада іс-шараның жабу салтанаты  болды және қатысқан студенттерді, ғылыми жетекшілерді және жұмыс берушілерді  дипломдармен, сертификаттармен және алғыс хаттармен марапатталды.
 

Оқиға категориялары