Профессор-оқытушылар құрамы марапатталды

"Сырдария" университетінің үшінші он жылдыққа қадам басар тұсындағы жағымды жаңалықтарының бірі – бірқатар профессор-оқытушылар құрамының педагогикалық еңбегі еленіп, марапатқа ие болуы.

Оқу орнының ректоры, п.ғ.к., доцент С.С. Дайырбеков білім беру саласының өркендеуі жолындағы шынайы қызметі, жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі табысты еңбегі және қоғамдық жұмыстарға белсене қатысатын жоғары жауапкершілігі үшін 15 оқытушы мен қызметкерге алғыс білдірді:

Профессор-оқытушылар құрамының ел болашағының дамуы жолында білім беріп, кәсіби білікті маман даярлаудағы табысты еңбектері үшін аудан әкімі Исмаилов Ғалым Ыбырайұлы 9 ПОҚ-ты, "Нұр Отан" партиясы Мақтарал аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ә.Байдуллаев 6 профессор-оқытушыны және аудандық мәслихат хатшысы Жайлымшиев Мұхтар Оразбайұлы 10 профессор-оқытушыны жаңа жыл мерекесімен құттықтап, ауданның рухани мәдениеті мен білім беру саласын дамытудағы үлесі үшін алғысын білдірді.

 

Жыл соңындағы марапат аудан тарапынан ғана емес, облыстық деңгейде де жүзеге асты. "Сырдария" университетінің 19 профессор-оқытушы құрамы Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы Балабиев Қайрат Рахымұлы және "Нұр Отан" партиясы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жолдасов Нұрмахан Миятұлының құрмет грамотасына ие болса, 11 профессор-оқытушы ҚР Білім және ғылым министрі Е.Сағадиевтың құрмет грамотасымен наградталды.

 

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Оңалбай Аяшев "Сырдария" университетінің құрылтайшысы Е.Сейілқызын, ректор, п.ғ.к., доцент С.С.Дайырбековты, Оқу істері жөніндегі проректор т.ғ.к., доцент С.Д.Мамраимов пен э.ғ.д. Б.Серіковты "Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтына 80 жыл" медалімен және тәуелсіз Қазақстанның білімі мен ғылымының дамуы жолында айрықша еңбек етіп, ғылыми-зерттеу қызметінде PhD доктор дәрежесіне қол жеткізген табысы үшін Нұрбек Мұратбек Анарбайұлын, Тоқмурзаев Бақыт Салманұлын, Абдуразова Перизат Әділбекқызын 50 000 тенге сыйақымен марапаттап, оқу орнының өркендеуі жолындағы еңбектеріне толағай табыстар тіледі.

 

Қазақстанның білім және ғылым саласының өркендеуі жолында шынайы қызмет етіп келе жатқан профессор-оқытушыларды ізденіс жолындағы жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз!