Жыл үздіктерін құттықтаймыз

Өткен жылдың соңғы күнінде аудан жастары арасындағы "Жыл үздігі - 2017" байқауында Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының студенттері Ермекбай Ермахан "Үздік жас белсенді", Данияр Әсілбек "Үздік жас тілші", жайдарманның "Шабытты маусымында" чемпион атанған "Сырдария құрамасы" "Жыл жаңалығы" номинациясымен марапатталды.

Жыл қорытындысында үздік атанған жастарды лайықты марапатымен құттықтаймыз!

Өз салаларында үздік қызмет иесі бола берулеріне шынайы тілектестік білдіреміз.