І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде XI Республикалық пәндік олимпиадада жүлдегер

4-5 сәуір аралығында "Сырдария" университетінің "5В011000-Физика" мамандығы студенттері  І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде өткен Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің ХІ Республикалық пәндік олимпиадасына қатысып келді.

Пәндік олимпиадаға қатысқан студенттеріміз сайыстың үш кезеңінен сүрінбей өтіп, нәтижесінде "5В011000-Физика" мамандығы бойынша жалпы командалық ІІІ орынға ие болды. Жалпы команда мүшелері Анарбай Дадаев, Шолпан Серікбаева, Алпамыс Айдар есімді студенттеріміз арнайы сертификаттармен және командалық есепте ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Студенттерге жетекшілік еткен аға оқытушы, ғылым магистры Роза Бегалива арнайы Алғыс хатқа ие болды.

Жас ізденушілерді және олардың ғылыми жетекшісін жеңістерімен құттықтап, шығармашылық табыстар тілейміз!