Университет Шегенбаев Нұрқасым Бейсенбайұлын философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алуымен құттықтайды
- 1 view
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі "Философия докторы (PhD) дәрежесін беру туралы" 2019 жылғы 8 сәуірдегі №384 Комитет төрағасы міндетін атқарушысының бұйрығына сәйкес "Сырдария" университеті "Гуманитарлық білім" факультетінің деканы Шегенбаев Нұрқасым Бейсенбайұлына 6D011800 – "Дене шынықтыру және спорт" мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді.
Нұрқасым Бейсенбайұлын білім және ғылым саласындағы жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! Университеттегі еңбектеріңіз жемісті болып, профессор-оқытушылар мен студенттердің арасындағы абырой-беделіңіз арта берсін! Болашақ ұрпаққа жеткізетін ұстаздық жолындағы жетістіктеріңіз шәкірттеріңізге үлгі болары сөзсіз.
Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілей отырып, шаңырағыңыз шаттыққа кенеле берсін деген тілек білдіреміз!