"ХХІ ғасыр педагогының моделі" атты байқау өтті
- 1 view
"Сырдария" университетінің 20 жылдық мерейтойы қарсаңында түрлі дейгейдегі жоспарлы және жоспардан тыс көптеген мәдени, рухани, ғылыми іс-шаралар өткізілуде. Аталған бастамаларға өз үлесін қосу мақсатында "Педагогика" пәнінен "Педагогика және психология" кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Файзиев Нұржан Сапарханұлының ұйымдастыруымен 29-қараша күні "ХХІ ғасыр педагогының моделі" атты байқауы өтті.
Бұл іс-шара ХХІ ғасырдың педагог мамандары қандай болуы тиіс және оның ерекшелігі неде? Заман талабына сай мұғалім болу үшін нелерді ескеруіміз қажет? Жаңартылған білім беру мазмұнын жүзеге асыруда қазіргі педагогтар қандай оқыту технологияларын қолдануы керек? және т.б. педагог жаңашылдығына байланысты сұрақтарға жауап іздеу және оны болашақ педагогтарға жеткізу мақсатында ұйымдастырылды.
Арнайы шақырылған қонақтар, педагогика ғылымдарының докторы, профессор "Педагогика және психология" кафедрасының меңгерушісі Гүлнар Тәжібайқызы, "Гуманитарлық білім" факультетінің деканы Күлайна Әліқұлқызы және арнайы сарапшылыққа шақырылған "Сарыағаш" ауданынан келген жоғары санатты мұғалім, деңгейлі бағдарламадан өткен, жаңашыл ұстаз, университеттіміздің 2006 жылғы Тарих мамандығының түлегі Тағаймұратов Асқар келіп, студенттерге сауал жолдап, бірнеше ұсыныстарын айтты.
Байқауға үш факультеттен 6 мамандық қатысып, өздерінің моделдерін ұсынды. Атап айтқанда: химия, физика, математика, география, дене шынықтыру және спорт, музыкалық білім мамандықтардың студенттері.
Байқау қорытындысы бойынша ХХІ ғасыр педагогының үздік моделін ұсынған мамандықтар жүлделі орындарға ие болды:
І орын – "Математика" мамандығы;
ІІ орын – "Физика" мамандығы;
ІІІ орын – "Дене шынықтыру және спорт" мамандығы.
Мамандықтың ұсынған педагог моделін байқауда қорғаған және өзінің сөйлеу шеберлігін, сөз саптауын, сабырлылығы мен байсалдылығын, тапқарлығын, білімділігін, сұрақтарға ұтымды жауап беру шеберлілігін көрсеткен студенттерге де "Үздік болашақ педагог" номинациясы бойынша орындар берілді. Университет ректорының І дәрежелі дипломымен Шірінбек Айдана марапатталса, ІІ дәрежелі дипломға Сәдір Арайлым қол жеткізді, ІІІ дәрежелі диплом Рахмедова Камшатқа табысталды.
Үлкен деңгейдегі қызу талқылаулар негізінде өткізілген байқаудан студенттер көптеген ойлар түйіп, жоғары деңгейдегі әсермен қайтты. ХХІ ғасырдың жас буынына ХХІ ғасырдың педагогы қажет екендігіне көз жеткізген болашақ педагогтар алдағы ұстаздық өмірінде осында айтылған ұсыныс-пікірлерді жүзеге асырады деп сенеміз.
Баспасөз қызметі
Оқиға категориялары
►"Zan" деректер қоры ► Tilqural.kz ► Tilalemi.kz ► Balatili.kz ► Emle.kz ► Termincom.kz ► Sozdikqor.kz ► Qazcorpora.kz ► Qujat.kz ► Tilmedia.kz ► Atau.kz ► Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет