Биліктен биік тұлға

Үстіміздегі жылдың 29-қарашасында Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы мен "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласын аудан тұрғындарына жан-жақты түсіндіру мақсатында Республикалық ақпараттық-насихаттық топ мүшелері, мемлекет және қоғам қайртакерлері Н.Әбіқаев және З.Тұрысбековпен кездесу жиыны өтті.

Жиын барысында ел ағалары Елбасының Жолдауы мен Мақаласынан туындайтын міндеттерді, жағымды жаңалықтарды, жасампаз, игілікті істерді тұрғындарға жеткізу, кеңінен үгіт-насихат, түсіндіру жұмыстарын жүргізу әрбіріміздің міндетіміз екенін атап өтті.

Осыған орай қазақ даласындағы рухани құндылықтарды қайта жаңғырту бағытында қоғам қайраткері, тілші-ғалым Нұртас Дәндібайұлы Оңдасыновтың өмір жолынан ақпарат беретін "Биліктен биік тұлға" ғұмырнамалық деректі фильмі көрсетілді.

Ұлттық мүддеміздің үстемдігі жолында еңбек еткен қоғам қайраткерінің, ғылымның өрісін кеңейтуге ат салысқан тілші-ғалымның өмірі әрбіріміз үшін тұнып тұрған тарих. Тарих құндылығы мен тағылымы қашан да құнды болмақ.