"Жап-жаңа жыл" концерттік бағдарламасы

Әлемдегі қуанышқа толы ең ғажайып мереке – Жаңа жыл. Бәріміз келе жатқан жаңа жылдан – жаңа бақыт күтеміз. Осыған орай университетте Жаңа жылдық мерекелік кеш аталып өтті. Мерекелік кешті "Гуманитарлық білім" факультетінің ұйымдастыруымен Икрам Марат пен Әбдакім Сүйінбай жүргізді.

"Жақсы сөз – жарым ырыс!" – деп дана қазақ айтқандай, жүрекке жылылық ұялатар алғашқы Жаңа жылдық құттықтау сөз "Сырдария" университетінің құрылтайшысы Есенкүл Сейілқызына және университетіміздің ректоры п.ғ.к., профессор Дайырбеков Серік Сансызбайұлына берілді.

Ректор Дайырбеков Серік Сансызбайұлы студенттерді жаңа жыл мерекесімен құттықтай отырып, жылдың нәтижесі бойынша 23 оқу үздіктері және Бжғм-нің ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауының жеңімпаздары, 18 әлеуметтік жағдайы төмен студенттер, 7 "жылдың номинация иегері" студентке 1 айлық шәкіртақы көлемінде сыйақымен марапаттады.

Мерекелік салтанатты кешті "Назерке" би тобы "Веньский вальс" биімен әрлендірді. "Әдемі" дуетінің "Қыз бала гүл" және университет студенттері Б. Тәжібай мен А. Рахматулланың орындауында "Жаңа жыл" секілді әсем әндермен мекекенің мерейін кіргізді. Сегіз қырлы, бір сырлы өнерлі жігіттерден құралған Флешмоб, оқу ордамыздың беделін үстем еткен "Сырдария" жастар құрамасы баршаға ерекше көңіл-күй сыйлады.

Кіргелі тұрған доңыз жылы жағымды жаңалықтар мен толағай табыстарға мол жыл болсын! Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбасыларыңызға баянды бақыт пен бақ-береке келсін!