Сағындырған әндер-ай

"Сырдария" университетінің 20 жылдық мерейтойына орай "Өнер" факультетінің бастамасымен "Сағындырған әндер-ай" атты ретро ән кеші болып өтті. Кештің жарқын көңіл күймен өтуіне факультет студенттері белсене атсалысты. Сағындырған әндер жылдардың арасына жол салып, кеше мен бүгінді тоғыстырып әр жүрекке еріксіз ән салдырды.

Әр заманның, әр жылдың, әр әншінің халық арасында ерекше ықыласқа ие болған жұлдызды туындылары орындалды. Серік Ердәулет "Әдемі-ау", Жаңайдар Алмат "Қуанышым менің", Жігіттер квартеті "Попуриі", "Қырманға кел қалқатай", Есімхан Гулвира "Мен деп ойла", Құрбанбай Мейрамхан "Есіңе мені алғайсың", Тәжен Асылбай "Көк жөтел" әндерін орындап, еш ұмытылмайтын сазды әуендердің бағасын тағы бір арттырғандай. "Назерке" би тобының бұрымдылары "Тауыс" биі кештің көркін ажарландыра түсті. Ғасырлар қойнауынан нәр алған өнер өрнектері қайта жаңғырды. Бұл әндер халықтың жүрегінде.

Оқу орнында өткен ән-сазды кеш бұдан кейін де жалғасын табатыны сөзсіз.

 

"Сырдария" университетінің баспасөз қызметі