«Жас маман – 2024» Бос орындар жәрмеңкесі

2024 жылдың 24 сәуір Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университетінің Мансап және жұмысқа орналастыру орталығының ұйымдастыруымен «Жас маман – 2024» Бос орындар жәрмеңкесі өтті, онда студенттер мен жұмыс берушілер бетпе-бет кездесуге мүмкіндік алды. Университетте өтіп жатқан осындай іс-шаралар бітіруші түлектердің  тұрақты жұмысқа орналасуына оң ықпалын тигізетіні анық. Жәрмеңке барысында  бітіруші  жас маман жұмыс беруші тараппен тікелей және бетпе-бет жолығып, өзі туралы айтып, өзі қалаған мамандық туралы толықтай ақпарат ала алды. Және де жәрмеңкеге келген бітіруші студенттер жұмыс беруші мекеменің қоятын талаптарымен танысып, мамандығының қыр-сырына үңілді. Болашақ өмірін бағдарлады. Осы ретте, жұмыс ұсынушы мекемелер де жас түлектің еңбекке деген ынтасы мен білімін бай¬қап, кеңірек диалог құра алды.
Жәрмеңкеге 25-тен астам жетекші компаниялар мен білім беру мекемелері  және 1000-нан астам жоғары курс студенттері қатысты. Олар: «Shymkent» жоғары педагогикалық колледжі, «Еңбек мобильдігі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «Өркениет»ақпараттық-әдістемелік орталықтың ұлттық құндылықтар академиясы қоғамдық бірлестігі,  ЖК «Заң кеңесшісі», №68 жалпы білім беретін орта мектебі, Балалар эстетикалық саз мектебі,  және т.б. 
«Nur-com-tel» ЖШС директоры Жуматаев Нурлыбек Сраилович жиын барысында сөз сөйлеп, «Бағытыңды бағамда, өз өзіңді бағала» атты баяндамамен, қазіргі заманға сай, жан-жақты дамыған, еңбек нарығының талаптарына толық жауап бере алатын білімді, саналы бітіруші түлек әрқашан да жоғары сұранысқа ие екендігін ерекше атап өтті.  Ал өз кезегінде  бітіруші түлектер жұмыс берушілердің таныстырылымдарын мұқият тыңдап, сұрақтар қойды. Сұхбат жүргізіп, жұмысқа орналасу бойынша өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға жауап алды. Жәрмеңке қызығушылық танытқан жағдайда өтті.
Енді студенттер нақты жұмысқа орналасуға қалай дайындалатынын және өндірісте тәжірибеге дайын екендігін көрсетеді.
Басты мақсат - түлектеріміздің жұмысқа орналасуына ықпал ету, бос жұмыс орындар туралы ақпаратпен қамтамасыз ету және еңбек нарығындағы мәселелер туралы мәлімет беру болып табылады. 
Мансап және жұмысқа орналастыру орталығы жұмыс берушілер мен бітіруші түлектер арасында өзара тиімді еңбек қатынастарын орнатуға, сондай-ақ оларға қолдау білдіруді меңзейді. Жәрмеңкеге келуші студенттер сұранысқа ие құзыреттіліктер жайлы, бос жұмыс орындары туралы және өзге де пайдалы ақпаратқа қанық болды. 
«Бүгінгі түлек – болашақ жас маман» демекші, жәрмеңке екі тарапқа да тиімді әрі жемісті болғаны анық!