Кітап – білім бұлағы

2018 жылдың 24-қаңтарында Мақтарал ауданы, Жастар ресурстық орталығының қызметкері Мұхтар Бейсенбаев университет жастарымен кездесті.

Семинар барысында жастардың бастамаларын қолдау мақсатымен оқырмандар клубын ашу мәселесі талқыланып, ашық дискуссия жүргізілді. Қазіргі ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы жастардың кітап оқуға деген құлшынысын, ойлау еңбегін тежеуде. Сондықтан кітап оқу мәселесінде аудан жастары, мектеп оқушылары, студенттермен пікір алмасуға келіп отырғанын айтты аудандық қызметкер.

"Жоғары жетістікке жеткен адамдар – білімді адамдар", - деген М.Бейсенбаев студенттерге тұлғалық өсу, даму тақырыбындағы бірнеше кітаптарды оқуды ұсынды және семинар соңында әлеуметтік желіде конференция ашылатынын және әр аптаның жұма күнінде оқырман конференциясы өтетінін алға артты.

Оқырмандарды ұйымдастыру тізгіні университеттің студенттік деканы "Қазақ тілі мен әдебиеті" мамандығының 2-курс студенті Сатуов Бекболатқа жүктелді.

Қолға алынбақ бұл шараның құндылығы мен маңызы мол болатынына кәміл сенеміз.

Баспасөз қызметі

Оқиға категориялары