УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ”ӘЛШЕКЕЙ КҮЙШІ“ ӨНЕРІ ДӘРІПТЕЛДІ

Әлшекей Бектібайұлының 175 жыл толуына орай Жұмабек Ташенев университетінде ”Әлшекей күйші” атты кітап пен күйлерінің аудионұсқасының таныстырылымы өтті. Әлшекей күйлерін орындаушы, “Шабыт” жастар шығармашыл конкурсының жүлдегері, Республикалық Дина Нүрпейісова атындағы күйшілер сайысының жүлдегері Аякөз Нұрсұлтан Әлшекей күйлерін орындап, студенттерге рухани азық сыйлады. Кездесу кеші Жұмабек Ташенов университетінің ұйымдастыруымен және ”Құрбан ата” қорының қолдауымен өтті.

Республикалық Дина Нүрпейісова атындағы күйшілер сайысының жүлдегері Аякөз Нұрсұлтан Әлшекей күйлерін орындап, студенттерге рухани азық сыйлады. Кездесу кеші Жұмабек Ташенов университетінің ұйымдастыруымен және ”Құрбан ата” қорының қолдауымен өтті. Іс-шара университетіміздің ректоры Байболов Қанат Сейітжанұлының қатысуымен өтті. Иран елінен келген қазақтың күйші қызы Аякөз Нұрсұлтанға белгілі меценат Оңалбай Аяшев кәде сый жасады. Ал, қазақтың күй өнерін дәріптеп жүрген Аякөз Нұрсұлтан Халық қаhарманы Мұхтар Әлиевтің 90 жылдық мерейтойы қарсаңында өз суреті бейнеленген кілемшені Мұхтар Әлиев атындағы Халықаралық қордың президенті, қоғам қайраткері Өмірзақ Әметке сыйлады.
Кездесу соңында қонақтар естелік суретке түсті.