Іс-тәжірибе конференциясы

Үстіміздегі жылдың 22-қаңтарында "Қазақстан студенттер сарайында" білім алушыларды 2017-2018 оқу жылындағы іс-тәжірибеге орнықтыру конференциясы болып өтті.

Іс-тәжірибе конференциясын ашып берген Оқу істері жөніндегі проректор, т.ғ.к., доцент С.С. Мамраимов студенттерге бүгінгі таңда білім беру саласында, оның ішінде орта білім беру жүйесінде орын алып жатқан өзгерістер туралы сөз етіп, жаңа форматтағы оқу-әдістемелік құжаттармен процесс барысында танысатынын және оған байыппен қарауды айтып өтті. Жаңартылған білім беру бағдарламалары жөніндегі ақпараттарды да тілге тиек етті. Сонымен бірге іс-тәжірибе жетекшілеріне мінбер тізгіні берілді, олар студенттің алдындағы сын, оның жауапкершілігі туралы көзқарастарын білдірді.

Конференция соңында университеттің кәсіптік практика жетекшісі Н.С.Файзиев аталған оқу үдерісіне жалпы 439 студент, оның ішінде 348-і білім бағытындағы педагогикалық, 94-і өндірістік іс-тәжірибеге аудан мектептері мен өндірістік орындарына жіберілетінін айтып, оларға сәттілік тіледі.

Баспасөз қызметі

Оқиға категориялары