«Тәшенев ІТ таланттары» олимпиада

Информатика бағыты бойынша 11-сынып оқушылар арасындағы «Тәшенев ІТ таланттары» атты олимпиаданың
ЕСЕБІ

2023 жылдың 20 қараша күні Ж.А.Тәшенев атындағы университетіміздің 25 жылдық мерейтойына орай, информатика бағыты бойынша мектеп оқушылары арасында «Тәшенев ІТ таланттары» атты олимпиада болып өтті. Университет ректоры т.ғ.к., профессор Қ.С.Байболов олимпиаданы ашып беріп, оқушыларға сәттілік тіледі. Олимпиада дарынды оқушылардың оқу-танымдық қабілеттерін ынталандыру, пәндік білімдерін анықтау, ғылымға деген қызығушылықтарын дамыту мақсатына орай ұйымдастырылды. Олимпиадаға қала мектептерінің оқушылары қатысты.
 Олимпиада 2-кезең бойынша жүргізілді.
1-кезең. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар пәні бойынша тест
2-кезең. Бағдарлама құру (Python тілі)
 Олимпиада қорытындысы бойынша жеңіске жеткен оқушылар мен жетекшілерін «ІТ, экономика және құқық» факультетінің деканы Б.Д.Оразов пен «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» кафедрасының меңгерушісі С.Б.Ботаева марапаттап, алғыс хаттар мен сыйлықтар табыстады.
 І-орын. №4 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Жұмабай Мағжан жеңіп алды.
ІІ-орын. №66 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Зулпыхарова Даниял иеленді.
ІІ-орын. №43 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Рахматулла Аяулым иеленді.
ІІІ-орын. №23 мектеп-лицейінің оқушысы Қойшыбай Ерасыл
ІІІ-орын. №23 мектеп-лицейінің оқушысы Алиайдар Нұрбек
ІІІ-орын. №66 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Кемелбек Бауыржан
 Жетекшілері:
І-орын. №4 жалпы орта білім беретін мектебінің оқытушысы Алибаева Ақмарал
ІІ-орын. №66 жалпы орта білім беретін мектебінің оқытушысы Курбанкулова Айгуль
ІІ-орын. №43 жалпы орта білім беретін мектебінің оқытушысы Жамалова Балия
ІІІ-орын. №23 мектеп-лицейінің оқытушысы Төлендиева Гүлім ІІІ-орын. №66 жалпы орта білім беретін мектебінің оқытушысы Айтбаева Рахия