Tashenev University талапкерлерге есігін ашты

Бүгін еліміздің барлық жоғары оқу орындары қабылдау комиссиясы жұмысын бастады.
Tashenev University де бүгін мектеп түлектеріне есігін айқара ашып, қабылдау комиссиясының жұмысы салтанатты түрде ашылды. Салтанатты жиынға қатысқан Tashenev University ректоры Қ. Байболов жаңаша бағытта білім беріп келе жатқан оқу орнымызды таңдаған барша талапкерлерге сәттілік тіледі. Ал, немересін осында алып келген қоғам қайраткері, белгілі азамат Созақбай Әбдіқұлов университетіміздің болашағына сенім артатынын, осында білім алып, мамандық иесі болған азаматтардың еліміздің әлеуметтік-экономикалық ахуалының өркендеуіне үлес қосуына тілектестік білдірді.
Қабылдау комиссиясының алғашқы күнінде ҰБТ қорытындысымен шекті балл жинаған 7 талапкер біздің университетімізді таңдап, құжатын өткізді. «Қабылдау комиссиясы жұмысын бастаған алғашқы сәттерден-ақ 7 талапкердің бізді таңдап құжат тапсыруы біз үшін үлкен қуаныш, мәртебе»,---деді университеттің әлеуметтік және тәрбие істері жөніндегі пророекторы Ғ. Битұрсын.
Құжат тапсырған талапкердің бірі -- Шымкент қаласындағы №90 мектебінің түлегі Олжас Аязбай қаламыздағы бірқатар оқу орнын саралап, таңдау Tashenev University-не түскенін қуанышпен жеткізді. Олжасты оқу орнының білім беру бағдарламалары, студенттерге жасалған жағдайы қызықтырыпты.
Оқуға қабылдануға үмітті 7 талапкерге университеттің Директорлар кеңесінің төрағасы О. Аяшевтің атынан Алғыс хат табыс етілді.