Бітіруші курс студенттерінің кәсіптік практикасының қорытынды конференциясы

Кез-келген болашақ маманның кәсіби білімі мен білігі кәсіптік практика негізінде қалыптасары сөзсіз. Syrdariya University өз білім алушыларының теориялық білімімен қоса практикалық дағдыларын да қалыптастыруды жүйелі түрде жолға қойып келуде.
Бітіруші курс студенттерінің кәсіптік практикасының қорытынды конференциясы онлайн түрде, ZOOM платформасында өтті. Университетіміздің 393-студенті қаңтар айының 26 жұлдызы мен 3 сәуір аралығында білім бағыты педагогикалық, құқық, экономикалық, техникалық, дизайн, жаратылыстану бағытындағы білім беру бағдарламасы студенттері 10 апталық өндірістік практикаларын сәтті аяқтады.

Іс-шараға университеттің 4-курс студенттері мен практика жетекшілері және педагогика және психология бойынша әдіскерлік ететін профессор-оқытушылар құрамы, декандар мен кафедра меңгерушілері қатысты.
Конференцияны Оқу және оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор, философия докторы (PhD) Б.С.Тоқмурзаев ашып, студенттерге және мекемеден бекітілген практика жетекшілеріне ізгі тілектерін жеткізді.
Философия докторы (PhD) Бақыт Салманұлы кафедра, факультет деңгейінде практиканы нәтижесін қорғаған студенттерді университеттен құрылған комиссия шешімі бойынша 7 студентті 5 номинация бойынша жеңімпаз деп атады. Оларға диплом табысталды.