Қамқорлық акциясы

Жетісай қаласындағы әлеуметтік жағдайы төмен көп балалы отбасылар мен жалғызбасты қарттарға жастар тарапынан көмек қолын созу мақсатында "Жас Отан" жастар қанаты Qamqor bol қайырымдылық акциясын бастама етіп, қолға алған болатын. Бірнеше күнге созылған қамқорлық акциясы барысында киім-кешек пен балаларға арналған заттар тұрмыстық заттар жиналды. Әлеуметтік қажеттіліккке жиналған заттарды студенттер Жетісай қалалық орталық мешітіне тапсырды. Мешіт имамны қамқор студенттерді жылы қабылдап, жастарға алғысын білдірді.

Университет жастарының арасында қамқорлық қаржысы жиналды. Қамқорлық қаржысына жалғызбасты қарттарға азық-түлік алынып, үйлеріне жеткізілді. Жаны жомарт жастардың қайырымдылығына 80 жасты еңсерген Тыңғозиева Жәмилә әжейіміз риза болды. Жалғыз өзі тұратын ананың тұрмыстық жағдайы төмендігін ескерген студенттер әжейге азық-түлік алып, Наурыз мерекесімен құттықтап, орамал жапты. Осындай қамқорлыққа ие болған жандардың бірі 92 жастағы Любовь Федеровна да студенттерге ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.