"ҚАЗАҒЫМ, САЛТЫМ, ДӘСТҮРІМ!"

«Сырдария» университеті «Дизайн және өнер» факультетінде «Дизайн» білім беру бағдарламасының 2 -курс студенттерімен «Қазағым, салтым, дәстүрім» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді.

Ашық тәрбие сағатының мақсаты – ұлттық салт-дәстүрлерімізді насихаттау және болашақ ұрпағымызға аманат ету. Іс-шараға дәстүрлі форматта оқып жүрген факультет студенттері қатысты.Дизайн білім беру бағдарламасы студенттері қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерін шілдехана, тұсаукесер, қыз ұзату дәстүрлерін көрініс етіп көрсете білді.
Мысалы, наурыз көже, қыз ұзату, қонағасы, шашу , ерулік бұлардың бәрі ата салты болып саналады. Салт-дәстүрдің ел арасындағы тәлімдік, тәрбиелік, халықтық мәні зор. Халықтың атадан балаға көшіп, дамып отыратын тарихи әлеуметтік, мәдени – тұрмыстық, кәсіптік, салт-сана, мінез құлық, тәлім-тәрбие және рухани іс-әрекетінің көрінісі дәстүр арқылы танылады. Салт-дәстүр байлығы мәдениеттің байлығы.

Жастардың бойына қазақтың салт-дәстүріне деген қызығушылықты қалыптастырып, қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындырып, олардың бойына адамгершілік, имандылық қасиеттерін қалыптастыра алдық деп ойлаймыз.

Ұлтымызға жалын, ұрпағымызға тәлім беріп келе жатқан дәстүрімізді ұмытпай, қазақ деген халықтың патриот ұрпағы болып бүгінгі жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарымыз бен салт-дәстүрлерімізді заман талабына сай қолданып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу парызымыз.
 

Оқиға категориялары