Филологтар апталығы

04.12.2023 – 08.12.2023 ж. аралығында Ж.А. Тәшенев атындағы университетінің 25-жылдық мерейтойы қарсаңында “Шетел тілдері” кафедрасының ұйымдастыруымен «Тілдер корольдығы (Королевство Языков, Kingdom of Languages)» тақырыбында «Филологтар апталығы» өтті. Апта аясында өткізілген іс-шара барысында университетіміздің студенттері апталықтың байқауларына белсене қатысты. Апта байқауы: «Қазақстан-100 тілді планета (Казахстан - планета 100 языков, Kazakhstan - planet of 100 languages)» тақырыбына қабырға газеттерінің байқауы, Қара сөздер, мәнерлеп өлең оқу сайысы, Эсселер байқауы, Интеллектуалды ойын байкауы, Мақал-мәтелдер әлемінде (В мире пословиц и поговорок, In the world of Proverbs)» әр тілдердегі мақал-мәтелдер жарысы. Кешімізге Туркия Республикасы Конья қаласы Сельчук университетінің профессор, ғылым докторы Мустафа Демирджи қонаққа келіп, студенттерге “Тіл, ой және өркениет” тақырыбында дәріс өткізді. Апталықтың жабылу салтанатында Филология факультетінің деканы Мамыт А.А. сөз алып, студенттерімізді түрлі дәрежедегі жүлделі орынды дипломдармен, алғыс хаттармен марапаттады.