Ашық есік күні
- 1 view
«Заңтану және экономика» факультетінің ұйымдастыруымен "Кəсіби бағдар апталығы" аясында жоспарланған "Ашық есік күні" ауқымды дəрежеде өтті.
Іс-шара мақсаты - мектеп бітірушілердің қабілітін ескере отырып, қызмет саласын таңдау еркіндігі жағдайында кəсіби өзін-өзі анықтауды дамыту жəне мақсатқа қол жеткізуге дұрыс жол көрсету.
Аталған іс-шараға №6 Б.Момышұлы атындағы жалпы орта мектебі, №9 Д.Қонаев атындағы лицейі жəне №50 Р.Қошқарбаев атындағы жалпы орта мектептерінің бітірушілері қатысты.
Университет болашақ абитуренттерге өз есігін айқара ашты. Оқытушылар да студенттер де талапкерлерді жылы қарсы алып, сұқпаттасып, сұрақтарына оңтайлы жауап беруге дайын болды.
«Заңтану және экономика» факультетінің деканы з.ғ.к., С.А.Ынтымақов жəне "Құқық жəне экономика кафедра меңгерушісі м.а., ғ.м., Е.А.Бакиров түлектерді қабылдау комиссиясының талаптарымен жəне білім беру бағдарламаларымен толық таныстырды. Талапкерлерге мазмұнды презентациялар, бейнероликтер көрсетілді.
Осы іс-шарада ұйымдастырылған "Эссе конкурсы" аясындағы жеңімпаз оқушылар анықталып дипломдармен марапатталды жəне жетекшілік еткен педагог оқытушыларға алғыс хат пен сыйлық табысталды.
Осыған қоса, халықаралық студенттердің ғылыми конференциясына қатысып, жеңімпаз атанған факультет студенттері де дипломмен марапатталды.
Шара соңында мектеп түлектеріне университеттің музейіне, кітапханасына, оқу ғимараттарына, сот залы мен "Робототехника" кабинетіне, "Қазақстан" студенттер сарайына саяхат жүргізілді.
Ашық есік күні - мектеп бітірушілері өз армандарына бір қадам жақындап, "оқуға түссем" деген мақсаттарын жүзеге асыру жолдарымен танысқандығын жəне маңызды мəліметтермен толыққанды ақпарат алғандығын айтып ыстық ықыласын білдірді.
Оқиға категориялары
?"Zan" деректер қоры ? Tilqural.kz ? Tilalemi.kz ? Balatili.kz ? Emle.kz ? Termincom.kz ? Sozdikqor.kz ? Qazcorpora.kz ? Qujat.kz ? Tilmedia.kz ? Atau.kz ? Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет