Жастарды жат ағымнан сақтандырды

Шымкент қаласы Дін істері басқармасының бастамасымен және Tashenev University Жастар саясаты бөлімінің ұйымдастыруымен «Noextremizm, noterarizm» тақырыбында студенттермен кездесу болып өтті.

Tashenev University мәжіліс залында өткен шараны дінтанушы Дәлелхан Оспанов жүргізіп отырды. Дәлелхан Қоңырбайұлы студенттерді қазіргі таңдағы діни кереғар ағымдағы бейнежазбалардан сақ болуын ескертті.

Дінтанушы бүгінгі таңда елімізде дәстүрлі ағымды шатастыратын уағыз айтушылар және сондай бағыттағы кітаптардың кеңінен тарап жатқандығын айтып, жастарға дәлелсіз дәйектелген бейнежазбалардан бойын аулақ ұстап, оны таратпау керектігін айтып өтті.

Егер ондай бейназбаны таратқан жағдайда қылмыстық кодекстің заңдарымен жазаланатынын ескертті. Қазақстан Республиаксының Дін істері министрлігі рұқсат еткен уағызшылар тізімін muftyat.kz сайтынан көруге болатынын, сонда ғана ақпараттардың сенімділігі жоғары екенін жеткізді.