№62 Кенесары хан атындағы жалпы орта мектебінің оқушылармен кездесу

«Заңтану және экономика» факультетінің 2021 жылдың 06-10 желтоқсан аралығында өтетін «Кәсіби бағдар апталығы» аясында кафедра меңгерушісі м.а., ғ.м., Бакиров Ержан Амангелдіұлы №62 Кенесары хан атындағы жалпы орта мектебінің түлектерімен кездесті. 
Кездесу мақсаты:
- оқыту профилін және болашақ кәсіби қызмет саласын таңдау барысында студенттерге кәсіптік бағдар беру;
- олардың мүмкіндіктеріне, қабілеттеріне сәйкес және еңбек нарығының талаптарын ескере отырып, қызмет саласын таңдау еркіндігі жағдайында мектеп оқушылары арасында кәсіби өзін-өзі анықтауды дамыту.
Кездесу барысында мектеп оқушыларына бейнеролик және слайд арқылы университет жеткен жетістіктері және университетке түсу талаптары, білім беру бағдарламалары туралы толық мəлімет берілді. 
Шара соңында түлектер талаптармен толық танысқандығын жəне алдағы уақытта білімін шыңдау мақсатында дұрыс бағдар таңдайтындығын сөз етті.

Теги: