«Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар» ашық сабақ
- 1 view
2025 жылғы 3 сәуір күні «ИЭФ-23-5к» тобының студенттерімен «Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақтың негізгі мақсаты – студенттерге Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіндегі аталған құқық бұзушылық түрлерінің құқықтық табиғатын түсіндіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және мемлекеттік басқару жүйесінде адалдық қағидаттарын насихаттау болды.
Сабақ барысында студенттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық тетіктерімен, құқық бұзушылықтың түрлері мен жауапкершілік шараларымен танысты. Тақырып аясында интерактивті талқылаулар, жағдайлық тапсырмалар мен нақты қылмыстық істерден алынған мысалдар негізінде тәжірибелік талдау жүргізілді.
Ашық сабақ жоғары деңгейде ұйымдастырылып, студенттердің белсенді қатысуымен өтті. Сабақ соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, құқықтық сауаттылықты арттырудың маңыздылығы атап өтілді.