«Аудит» пәнінен ашық дәріс

 03.04.2025ж, сағат 10.30,  кітапханада Сoworking - аудиториядасында Абдурахманова З.А. магистр аға оқытушы «Аудит» пәнінен пәнінен «Аудит операциялар айналымнан тыс активтері мен тауарлық-материалдық құндылықтар» тақырыбы атты ашық дәріс сабағын өтті. Сабаққа «Экономика және құқық» кафедрасының меңгерушісі Бакиров Е.А. және кафедраның профессор-оқытушылар құрамы қатысты. 
Дәріс алдын-ала дайындалған мультимедиялық көрнекі құралдарды қолдану негізінде жүзеге асырылды.  Лекцияның әрбір сұрағын ашуда лектор көрнекілік принципін негізге алып, интерактивті оқыту әдістерін қолдану арқылы білім алушылардың қызығушылығын арттыра білді. Тақырыпты ашу барысында студенттер бухгалтерлік аудит және бухгалтерлік операциялар, айналымнан тыс активтер және тауарлық материалдық қундылықтар есептеу түрлері мен тәртіптерін үйренді. Лектор мен білім алушылар арасындағы кері байланысты тест-сұрақтарын шешу, студенттер тапсырмаларды өз бетінше шешу және тақырыпты өз материалдарымен толықтыру, дәріс сұрақтарына жауаптарды тұжырымдау сұрақ-жауап арқылы білімдерін тексеруі пікірталас барысынан көрінді.
 

Оқиға категориялары