Университет жайлы мазмұнды сұхбат өрбіді

«Han TV» телеарнасының «Бізде қонақта» арнайы телебағдарламасына Жұмабек Тәшенев университетінің әлеуметтік және тәрбие ісі жөніндегі проректоры Ғалымжан Битұрсын студия қонағы ретінде қатысып, университеттің бүгінгі тыныс-тіршілігі, стратегиялық мақсат-міндеті жөнінде кең көлемде сұхбат берді.
Биыл құрылғанына 25 жыл толып отырған жоғары оқу орнының факультеттері, білім беру бағдарламалары, сапалы білім алуда студенттерге қойылып отырған талаптар мен жасалған жағдайлар, білім алушылардың жатақханамен қамтылу жағдайы туралы телеарна көрермендеріне жан-жақты ақпарат берілді. Университет қабылдау комиссиясының биыл атқарған жұмыстарына шолу жасалып, студенттер арасында қолға алынған тәлім-тәрбие іс-шаралары туралы айтылды. 
Сұхбатты мына сілтеме арқылы көріп, тамашалауға болатынын хабарлаймыз: https://youtu.be/eLkeWVzM71c?si=gf8JXDsYjbLZREul