ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР, АРДАҚТЫ АҒАЙЫН!

Баршаңызды Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймын!
Конституция – Қазақстанды құқықтық мемлекет ретінде танытқан басты құжат. Еліміздегі барлық заңдар Конституциядан бастау алады.
Ата Заңымыз қабылданған күн еліміз үшін тәуелсіздік тарихындағы жаңа дәуірдің басталғанын білдіреді. 1995 жылғы 30 тамыздағы жалпыхалықтық референдумда Қазақстан халқы өзінің болашағына айқын таңдау жасап, Қазақстанның тұрақты дамуы мен өркендеуінің берік негізін қалады.
Қазақстан Республикасының Ата Заңы бүгінде сындарлы сыннан өткен, мемлекетіміздегі экономикалық және саяси реформаларды қамтамасыз етіп отырған басты құжат. Сондықтан бұл күннің қазақстандықтар үшін маңызы зор.
Баршаңызды осы мерейлі мерекемен құттықтай отырып, елімізге амандық, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін!

Құрметпен, Ж. Тәшенев атындағы университтің ректоры Қ.С. Байболов.
 

Оқиға категориялары