Жас ғалымдар конференцияда бас қосты

Shymkent kelbeti

https://shymkala.kz/index.php/bilim/item/10880-zhas-alymdar-konferentsiyada-bas-osty?fbclid=IwAR0mIgPpgHTbiELdlrA-XBhEfwPDiqKDStxapg1wjg3ZIaTpl4Gf_7OyeE0

12 сәуір ғылым қызметкерлерінің күніне орай Тәшенев университетінде «Жастар және ғылым - 2023» атты жас ғалымдар мен студенттер арасындағы екі күндік республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Ғылымға қызығушылық танытатын студенттерді қолдау мақсатында ұйымдастырылған бұл конференцияға Тәшенев университетінің белсенді студенттері қатысты. Қатысушылар өз ғылыми жобаларын қорғап, түрлі тақырыптарда зерттеу еңбектерін ұсынған.
–Конференцияда ғылыми мақаламды қорғадым. «Қазақстанның экожүйелері және оны сақтау» деген тақырыпта жазылған жұмысымда қазіргі кездегі жоғалып бара жатқан жануарлар, табиғатты қорғау жолдары, сондай-ақ экологияға жасалып жатқан зиянды қалдықтармен күресудің жолдарын ұсындым. Университетімізде жоғары деңгейде білікті профессорлар сабақ береді. Осы мүмкіндікті пайдаланып, оқытушы професорлардың қолдауымен түрлі тақырыптарда жобалар жазып, оны қорғаймыз. Жалпы осындай ғылымға негізделген іс-шаралар, олимпиадалар жиі өтіп тұрады. Бұл біздің білімімізді шыңдайды, – дейді Тәшенев университетінің 3 курс студенті Салтанат Қожан.
Конференцияның екінші күні шығармашылық идеялармен жалғасын тапты.Тәшенев университетінің студенттері мен оқытушыларының жұмысын көрсететін «Шығармашылық идеялар» фестивалінде қатысушылар ұлттық топтамалар мен кешкі жиындарға арналаған киімдер, балаларға арналған этностильдегі киімдер үлгісінен дефиле көрсетті. Университеттегі халықаралық байқаулардың жеңімпаз әншілері мен талантты студенттері өз өнерлерін ортаға салды. Екі күнге созылған конференция қорытындыланып, жеңімпаздарды марапатталды.
– Университетімізде өтіп жатқан коференцияда 130 студент өз жобасын ұсынды. Студенттер Алматы, Астана, Қостанай, Қызылорда, Семей, Түркістан қалаларынан келіп ғылыми мақалаларын, эсселерін, зерттеулерін қорғап шықты. Ғылым қызметкерлерінің мерекесі аясында студенттердің білім мен тәрбие жұмысына үлес қосып жүрген оқытушылар құрамын марапаттадық. Жалпы, оқу ордасында 300-дей мұғалім бар, оның 98 пайызы ғылыммен айналысады. Алда конференцияны дәстүрлі түрде өткізуді мақсат етіп отырмыз, - дейді Тәшенев университетінің ғылыми істер жөніндегі проректоры Шолпан Арзымбетова.
Сондай-ақ проректор келешекте оқу ордасының стратегиялық бағыттарында ғылыммен айналысатын бірнеше мектептер құру жоспарлырында бар екенін атап өтті. Онда ғылым жолына түскен білім алушылар, таңдаған саласына тереңірек үңіліп, жаңа мүмкіндіктерге ие болмақ.
Айта кетейік, 12-сәуір – Ғылым академиясының тұңғыш президенті, көрнекті ғалым, геолог Қаныш Сәтбаевтың туған күні. Бұл күн осылайша ғылым қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне айналып отыр.
Гүлнұр СҮЛЕЙМЕН
 

Жаңа пікірді жазу

Ограниченный HTML

  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a href hreflang> <em> <strong> <cite> <blockquote cite> <code> <ul type> <ol start type> <li> <dl> <dt> <dd> <h2 id> <h3 id> <h4 id> <h5 id> <h6 id>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
  • Web page addresses and email addresses turn into links automatically.