Қорқыныш қуанышқа ұлассын
- 1 view
Бағзы заманнан басынан не қиындықтарды өткізген ата-бабаларымыздан «апат айтып келмейді» деген сөз қалған. Осы жылы, сәуір айының басындағы қарғын су тасқынына байланысты еліміздің Абай, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында жарияланған төтенше жағдайлар сол табиғи апаттың салдары мен зардабының себебінен орын алып отыр.
Халқымызда «Ел басына күн туса етігімен су кешер, Ат басына күн туса ауыздығымен су ішер» деген сөз бар. Тілсіз жаудың тауқыметін әлеуметтік желіден көріп, әбігерге түскен ел тұрғындары дұға-тілектерін арнап, көп түкірсе көл дегендей, тұс-тұстан қол ұшын созып жатқандары да белгілі. Алайда, елорда төрінде Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың төрағалығымен нақты шешімдер қабылданып, үкімет басшысы бастаған топтың топан судың басы-қасында жүргендігі көңілге қуат, жүрекке шуақ ұялатты. Су басқан өңірлерге жіті назарын аударып отырған ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы халыққа арнаған үндеуінде қиындыққа тап болған әрбір шаңырақтың ауыртпалығы артта қалып, ел тұрғындарын алаңдатқан мәселенің еңсерілетінін айтып, елдің қорқынышы біршама сейілгендей болды. Мұндай қиындықтар барысында халқымыз қашанда бір-бірін сабырға шақырып, байыпты әрекеттерге көшкен-ді. Айтпай келген табиғи апаттың бетін қайтарып, біржола еңсеруге бел буған биліктің әрбір қадамына қолдау білдірейік. Төтенше жағдайлар жарияланған өңірлердегі ел тұрғындарының ауыртпалықтарына Шымкент қаласында орналасқан Жұмабек Тәшенев университетінің ұжымы алаңдаушылық танытып, табиғи апаттың тез арада еңсерілуіне тілеулес екендігін білдіреді.
Бұған дейін де табиғи апаттар мен жарылыстар орын алып, Мемлекет басшысының тікелей араласуымен бар қиындықтардың артта қалғанына ел куә. Қорқыныштың арты қуанышқа ұлассын! Біз біргеміз!
Ғалымжан Шәмшідінұлы Битұрсын
Жұмабек Тәшенев университетінің проректоры
Оқиға категориялары
►"Zan" деректер қоры ► Tilqural.kz ► Tilalemi.kz ► Balatili.kz ► Emle.kz ► Termincom.kz ► Sozdikqor.kz ► Qazcorpora.kz ► Qujat.kz ► Tilmedia.kz ► Atau.kz ► Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет
Жаңа пікірді жазу