Оқытушылар мен білім алушылардың назарына!

«Сырдария» университетінің аумағында коронавирустық инфекция таралуының алдын алу шараларын іске асыру мақсатында 2021-2022 оқу жылында көктемгі семестрдегі оқу үдерісі келесі тәртіппен ұйымдастырылады:
    Кадрларды даярлаудың барлық бағыттары бойынша 1-4-курс білім алушылары және магистранттар үшін оқу үдерісі 2022 жылдың 24 қаңтардан бастап аралас форматта өтеді: дәрістер – онлайн, санитарлық режим мен әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, қолданбалы сипаттағы семинар, практикалық және зертханалық сабақтар – дәстүрлі. 
    Өндірістік тәжірибе офлайн режимде жүргізіледі.
Медициналық көрсетілімдер болған студенттер және емдеуші дәрігердің қорытындысы негізінде тәуекел тобындағы (жүкті, бала емізетін және т.б.) студенттер өтініш негізінде қашықтықтан оқытуды жалғастырады.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттер оқуды қашықтықтан оқыту форматында жалғастырады.
Білім алушылар үшін СЭР стандарттарының сақталуы қамтамасыз етіледі және оқу процесінде, сонымен қатар сабақ барысында студенттердің аудиторияларда бетперде кию  міндеттеледі.