Жұқпалы аурулардың алдын алу

Бүгін оқу орнының №1 аудиториясында "Жұқпалы аурулардың алдын алу" тақырыбында аудан дәрігерлерінің қатысуымен семинар болып өтті. Семинардың мақсаты – ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеу ұстанымына негізделген салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Арулар - асыл жандар

Бүгін көктемнің шуақты мерекесі ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІ салтанатты түрде тойланды. "Дене тәрбиесі және спорт" факультеті мен Жастар комитеті қолға алған мерекелік шара жоғары деңгейде өтті.

Көктем – тазалық бастамасы

Тазалық – аудан шырайын кіргізіп, қоршаған ортаға әдемілік сыйлайтын маңызды шаралардың бірі.

Мақтарал ауданы аясында өткізілетін "Көктем – тазалық бастамасы" сенбілік акциясы бойынша университет үстіміздегі жылдың 5 наурызында тазалық және көгалдандыру жұмыстарын жүргізді.

ЖОО профессор-оқытушылары мен студент жастар көше бойларын тазалап, қоқыстарды шығарды, аяқ жолдарын ретке келтіріп, "Жасыл аймақ" бағдарламасына сәйкес ағаш-көшеттерін отырғызды.

Физикадан үйірме жұмысы

"Сырдария" университеті, Жоғары математика және физика кафедрасының оқытушылары п.ғ.к., доцент Бердалиева Тилла мен ғ.м., аға оқытушы Улукбаев Канат 5 наурыз күні үйірме жұмыстарын жүргізді.

Әлемнің асылы – сұлулар

Бүгін университеттің "Биология" кафедрасы мен мамандық студенттері көктемнің алғашқы күндерімен ілесе келген АРУЛАР күнін атап өтті.

Мамандық студенттері белсене қатысқан концерттік шара барысында Г.Сәрсенбаева "Сол жағым сыздайды" монологын оқып, А.Сағындық "Әйел бақыты", Б.Азатбай "Қайда, қайда", "Қазақ қыздары" әндерін орындады. Мың бұрала билеген арулар ұлттық және заманауи шетелдік билерді нақышына келтірсе, мамандық жігіттері әзіл-қалжыңға толы көріністерімен, ойындарымен көрерменге мерекелік көңіл-күй тарту етті.

Белсенді жастар бас қосты

Ақпан айының 28 жұлдызында "Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың саяси ұстанымы мен ұлттық жаңғыру жолы" тақырыбында І облыстық студенттер форумы болып өтті.
Жас ізденушілердің басын қосқан форумның мақсаты – студенттердің жоғары оқу орындарындағы қоғамдық белсенділігін арттыру, Елбасы Жолдауында туындайтын міндеттерді жастар арасында насихаттау және оның іске асырылуына жас ізденушілердің ықпалын нығайту, жастардың өзін-өзі басқару қабілеттерін дамыту.

Қазақ еліне мың тағзым!

Бүгін оқу орнында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2016 жылы 14 қаңтардағы Жарлығымен бектілген "1 наурыз – Алғыс айту күні" мерекесіне орай іс-шара болып өтті.

Меркелік іс-шарада университеттің Тәрбие істері және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры, п.ғ.к., доцент Н.С.Тленчиева, "Гуманитарлық білім" факультетінің деканы К.Ә.Исаева сөз сөйлеп, бұл күннің маңыздылығына ерекше тоқталды.

Жыр алыбы Жамбыл 172 жаста

Биыл жыр алыбы Жамбылдың туылғанына 172 жыл. "ХХ ғасырдың Гомері" атанған жыр дүлдүлінің мерейтойына орай "Кітапхана" бөлімі "Қазақ тілі мен әдебиеті" мамандығы студенттерінің қатысуымен әдеби-мерекелік кешті атап өтті. Әдеби-мерекелік кешке университет ректоры, п.ғ.к., доцент С.С.Дайырбеков, ф.ғ.к., доцент Л.У.Абенова қатысты.

Жүзге кеп бақыт тапқан ақын Жамбылдың рухына тағзым еткен жастар қара өлең алыбының өмір жолы, шығармашылық әлемі туралы баяндама жасап, бейнебаян көрсетті.

Сағындырған әндер-ай

"Сырдария" университетінің 20 жылдық мерейтойына орай "Өнер" факультетінің бастамасымен "Сағындырған әндер-ай" атты ретро ән кеші болып өтті. Кештің жарқын көңіл күймен өтуіне факультет студенттері белсене атсалысты. Сағындырған әндер жылдардың арасына жол салып, кеше мен бүгінді тоғыстырып әр жүрекке еріксіз ән салдырды.

Оқиға категориялары