Мың алғыс саған, Ұстазым!

Жыл сайын Ұстаздар мерекесін дәстүрлі түрде атап өту үрдіске айналған. "Жаратылыстану және математика" факультетінің бастамасымен "Мың алғыс саған, Ұстазым!" атты мерекелік кеш болып өтті. Университет ректоры, п.ғ.к., доцент С.С. Дайырбеков ұстаздар қауымын айтулы мерекемен құттықтады.

Елбасы саясаты "Жаңа әлем жастары" назарында

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ел дамуындағы саяси бағытынан, Жолдаулары мен бастамаларынан туындаған ортақ міндеттерді жастар арасында кеңінен насихаттау және қолдау мақсатында "Сырдария" университеті екі күн бойы "Жаңа әлем жастары" атты І Республикалық форумның үлкен алаңына айналды.

Ұстаздар күні ұлықталды

Ұстаз – ұлы есім демекші, адамзат баласы үшін қадірлі де, қастерлі тұлға ол – ұстаз. Шәкірттерін шыңдаған ұстаз қашан да бақытты. Ұлы есімді, қадірлі тұлғаны ұлықтау мақсатында "Сырдария" университеті "Өнер" факультетінің жалынды студент жастары "ҰСТАЗ АТЫ – БИІК, ӘРІ МӘҢГІЛІК" атты мерекелік тарту жасады.

Шәкірттер санасына сәуле шашып, шырақ отын маздатқан ұстаздар қауымына жылы лебізі мен тілектерін білдірген "Өнер" триосының орындауында "Ұстазым" әні шырқалды. Муз-18 тобының студенті Иса Алмагүл де ұлы тұлғаға деген ықыласын "Ұстазым" әні арқылы жеткізді.

Ұстаз – ұлы тұлға

Қазан айының 2-сі күні кітапхана бөлімі "биология" мамандығы студенттерінің қатысуымен "Ұстаз – ұлы тұлға" атты мерекелік кеш өткізді. Мереке қарсаңында студенттер ұлағатты жандарға арнап, ән салды. Би билеп, өлең жолдарын арнады.

Мамандық студенттері Дәулет пен Салтанаттың орындауында "Ұстазым" әні шырқалып, Тұрманова Әсемнің өз шығармашылығындағы арнау өлеңі оқылды.

Мейірім нұрын төккен ұлағатты ғазиз жандарға лайықты құрмет көрсетіліп, мерекелік тілектер жауған күн болды.

"Білім-Образование-Education" Республикалық ғылыми-педагогикалық орталығының дипломы

"Бағдарламалық қамтамасыз ету" кафедрасының оқытушысы, ғылым магистрі Лесбаев Ержан Дүйсенбайұлы "Білім-Образование-Education" Республикалық ғылыми-педагогикалық орталығы ұйымдастырған "Педагогикалық идеялар" атты республикалық сайысында ЖОО мен ООО педагогтары арасындағы "Педагогикалық идеялар" бағыты бойынша ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Ержан Дүйсенбайұлы, жеңісіңіз құтты болсын дейміз!

Деніңізге саулық, ғылыми ізденістеріңізге сәттілік тілейміз.

"Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық" атты таныстыру семинары өтті

Қыркүйектің 27-і күні ҚР Президенті Н.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласы аясындағы "Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық" жобасы бойынша "Ұлттық аударма бюросынан" аударылған 18 оқулықты университет студенттері арасында таныстыру, түсіндіру және талқылау мақсатында кітапхана бөлімі мен "Құқық және экономика", "Қазақ тілі мен әдебиеті", "Отан және шетел тарихы", "Педагогика және психология" кафедраларының профессор-оқытушылар құрамы таныстыру семинарын өткізді.

Тағылымы мол дәріс

"Сырдария" университеті мен ҚР Ұлттық музейі арасындағы ынтымақтастық жөніндегі Меморандум негізінде ҚР ұлттық музейінің "Халық қазынасы" ғылыми зерттеу институтының бөлім басшысы, PhD доктор Есенов Сырым Ғадылбекұлы 3-21 қыркүйек аралығында тарих мамандығының студенттеріне тағылымы мол тарихтан дәріс оқыды.

Ғалым мұрағаттану және мұражайтану мәселелері бойынша маңызды мағлұматтармен қатар болашақ мамандарға жан-жақты кеңес беріп, жастарды білімді болуға, Отанын, елін, жерін сүюге үндеді.

Республикалық жоғары оқу орындары студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауында "Сырдария" университетінің студенттері жүлделі орындарды иеленді

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық жоғары оқу орындары студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауында "Сырдария" университетінің студенттері жүлделі орындарды иеленді.

Жаратылыстану бағытында:

- география мамандығының студенті Қуаныш Нұрхан - ІІ дәрежелі диплом, ғылыми жетекшісі - г.ғ.к., доцент Тажекова А.Ж., ғ.магистрі, оқытушы Аманбаев Н.С:

- биология мамандығының студенті Манамбай Әсел – ІІ дәрежелі диплом, ғылыми жетекшісі – а-ш.ғ.к., доцент Дошманов Қ.Е;

Дойбы – ұшқыр ойдың ойыны

"Сырдария" университетінің 20 жылдық мерейтойы аясында спорттың "Дойбы" түрінен университетішілік жарыс болып өтті. Аталмыш шараны өткізудегі басты мақсат – студент-жастардың білім алуымен бірге қоғамдық-мәдени, спорттық шараларға белсене ат салысуына ықпал ету, зияткерлік, логикалық ой ұшқырлығын дамыту.