Университет ректоры студенттермен кездесті

"Сырдария" университетінде 7 ақпан күні жылдағы үрдіс бойынша студенттер мен ректор арасында кездесу-жиналысы өтті. Мұндай жиналыстың мақсаты – барлық курс студенттерінің топ басшылары, бірінші курс студенттері және бітіруші түлектердің көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, тұщымды жауап алу, түйіткілді мәселелердің түйінін табу болатын. Университет ректоры Серік Сансызбайұлы әуелі студенттерді жастар жылымен құттықтаудан бастады: "Баршаңызды 2019 – Жастар жылымен шын жүректен құттықтаймын! Қазіргі таңда жастарға көп жүк артылып жатыр.

Дойбы – ойшылдардың ойыны

2019 жылдың 5 ақпанында студенттер арасында университетішілік "Дойбы" ойыны бойынша сайыс болып өтті. Шараны өткізудегі мақсат – студент-жастардың білім алуымен бірге қоғамдық-мәдени, спорттық шараларға белсене ат салысуына ықпал ету, тапқырлыққа, тез шешім қабылдауға үйрету, логикалық ой өрісін дамыту.

"СЫРДАРИЯ" УНИВЕРСИТЕТІ СТУДЕНТТЕРІНІҢ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫНА ҮНДЕУІ

Құрметті құрбы-құрдастар!!!

Президент Жарлығымен 2019 жылдың "Жастар жылы" болып жариялануы бізге керемет мүмкіндіктер сыйлады.

Бұл – маңызды оқиға, біз үшін үлкен қуаныш. Елбасы Н.Ә.Назарбаев сыйлаған "Жастар жылы" – жаңа буынға арналған тұғыры биік ерекше мәртебе.

Қазіргі дәуір – біздің уақыт!

"Жастар жылы – жасампаздықтың бастауы" атты "Сырдария" жастарының форумы өтті

Кез-келген мемлекеттің болашағын жалғайтын жастар. Өйткені, жастары жігерлі ел ғана болашаққа даңғыл жол салып, биік белестерді бағындырады. Осыны ескерген Елбасы 2019 жылды "Жастар жылы" деп жариялады. Бұл – біздер үшін жаңа мүмкіндіктердің бастауы. Осығын орай "Сырдария" университетінде Жастар бөлімінің ұйымдастыруымен "Жастар жылы – жасампаздықтың бастауы" атты жастар форумы өтті.

Мемлекеттік қызмет мектебіне барып қайтты

Үстіміздегі жылдың 25 қаңтарында облысымызға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің "Sanaly urpaq" республикалық жобалық кеңсесінің басшысы Қайыржан Ахметбекұлы Токушевтің келуіне байланысты, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ғ.Тұрсынбаевтың шақыруымен "Сырдария" университетінің тәрбие істері және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры М.

Университет жастары "Жастар жылының" ашылу салтанатын тамашалады

Бүгін елордасы Астана қаласында "Нұр әлем" павильонында Елбасының қатысуымен "Тәуелсіздіктің ұрпақтары" атауымен Жастар жылының ашылу салтанатын тікелей эфирден "Сырдария" университетінің басшылық қауымы мен оқытушылары және студент-жастары да қызығып тамашалады. Студенттер Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың "Өз ұлтымыздың патриоты болуымыз керек" – деген жалынды сөздерінен кейін ерекше әсер алды. Және бойларына күш жинап, өздеріне нық сенімді қадаммен алға басуға, әрбір жас студент осы жылы өз қабілетін көрсете білуге ұмтылыс жасады.

Жаңартылған оқу бағдарламасы – бүгінгі білімнің жаршысы

Еліміздегі білім беру саласы жаңа жүйеге көшу барысында ұлтымыздың болашағына тірек болар азаматтардың білім деңгейі жоғары, ой өрісі дамыған, өз ойын еркін жеткізе алатын, туындаған мәселелерді шеше білетін және шынайы өмірге бейім жаңашыл ұрпақ тәрбиелеуді басты фактор ретінде қарастырып отыр. Осыған орай, "Өрлеу" БАҰО" АҚ Республикамыздың педагог кадрларының біліктілігін жүйелі түрде арттырып келеді.

"Жап-жаңа жыл" концерттік бағдарламасы

Әлемдегі қуанышқа толы ең ғажайып мереке – Жаңа жыл. Бәріміз келе жатқан жаңа жылдан – жаңа бақыт күтеміз. Осыған орай университетте Жаңа жылдық мерекелік кеш аталып өтті. Мерекелік кешті "Гуманитарлық білім" факультетінің ұйымдастыруымен Икрам Марат пен Әбдакім Сүйінбай жүргізді.

"Жақсы сөз – жарым ырыс!" – деп дана қазақ айтқандай, жүрекке жылылық ұялатар алғашқы Жаңа жылдық құттықтау сөз "Сырдария" университетінің құрылтайшысы Есенкүл Сейілқызына және университетіміздің ректоры п.ғ.к., профессор Дайырбеков Серік Сансызбайұлына берілді.

Біліктілікті арттыру курсына барып қайтты

2018 жылдың 15-27 қазан аралығында университеттің бір топ профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері біліктілігін арттыру мақсатында Қырғызстан Республикасына барып қайтты. И.А. Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінде өткен курсқа 21 оқытушы қатысты.

Халықаралық деңгейдегі білім беру жүйесінің жаңа бағыттары мен инновациялық жолдарын талдау, тану семинарында екі ел арасындағы ынтымақтастық, қарым-қатынас, өзара тәжірибе алмасу мәселелері сөз болды.

Оқу-әдістемелік семинар

Оқу-әдістемелік басқарманың ұйымдастыруымен диплом жұмысын жазу тәртібі бойынша әдістемелік семинар болып өтті.

Бітіруші курс студенттерінің алдында тұрған сынақтардың бірі – диплом жұмысын жазу және оны қорғау. Осыған байланысты ғылыми-зерттеу жұмысын реттеу тәртібі, диплом жұмысын жазу нұсқаулығында көрсетілген талаптарға сәйкестендіріп рәсімдеу, жұмысты уақытында өткізу т.б. мәселелер бойынша оқу-әдістемелік басқарма басшысының орынбасары Оралова Зәуре Мекенбайқызы семинар барысында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Оқиға категориялары