Ән және сән шеруі

Университеттің 20 жылдық мерейтойы қарсаңында өткізіліп отырған іс-шаралар легі толассыз. Соның бір көрінісі жыл сайын өткізілетін – "Ән және сән шеруі" атты шығармашылық кеш. Бұл дәстүр бүгін де жалғасын тапты.

Қарттарға қамқорлық – жастардың парызы

Бүгін "Сырдария" университетінің белсенді жастары Жетісай қаласындағы жалғыз басты қарттарға қамқорлық көрсетті. "Гуманитарлық білім", "Өнер", "Жаратылыстану және математика" факультетінің студент-жастары жалғыз басты қарт ана Қантөреева Зулфия әжейдің шаңырағына барып, қолғабыс жасады. Үй іші мен ауласын тазалап, ас-суын әзірледі, азық-түлікпен қамтамасыз етті. Игі бастамаға мұрындық болып, іске асырған жастарға қарт әже батасын беріп, алғысын білдірді.

"Жастар саясаты" орталығының ашылуы өтті

Жастар қоғамның қозғаушы күші және әрбір ортаның дамып жетілуі, өркендеуі осы жастардың ықпалымен іске асады. Ауданның бірегей оқу орнында білім алып, еңбек етіп жүрген жастардың басын қосып отырған "Сырдария" университетінің "Жастар" бөлімі деп атауға толық негіз бар.

Қамқорлық жәрмеңкесі

"Жастар саясаты" орталығының ұйымдастыруымен бүгін "Қамқор бол!" атты қайырымдылық жәрмеңкесі болып өтті. Студенттер әзірлеген тағамдар мән тәттілер жәрмеңкесіне профессор-оқытушылар да атсалысты.

Жәрмеңкеден түскен қаражат көмекке мұқтаж жандар мен әлеуметтік тұрмысы төмен отбасыларға жұмсалады.

Жастардың игі бастамасы көпшіліктің көңілінен орын алды. Сондықтан бұл шара алдағы уақытта да жалғасатыны анық.

Оқушылар оқу орнына келді

"Сырдария" университетінің 20 жылдық тарихындағы жетістіктері көпшіліккке мәлім. Соның бір айғағы – университет мұражайы. Мұражай 2017 жылы оңтүстік өңірдің турситтік маршрутына енген болатын. Тарихи кезеңдерен дерек беретін нысан бүгінде Жетісай өңірінің ғана емес, шалғайда жатқан аудандардан келушілердің де назарын аударды.

Бір кем дүние...

Әйгілі қазақ жазушысы Шерхан Мұртазаның 86 жасында дүние салуы елдің қабырғасын қайыстырды. Осыған байланысты бүгін "Қазақ тілі мен әдебиеті" мамандығының студенттері жазушыны шығарып салу рәсіміне орай қаралы шара өткізді.

Студенттер қатарына қабылдау шарасы болып өтті

Қазан айының 11 жұлдызы 1 курсқа қабылданған студенттер үшін үлкен мереке. Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін бұл шараның ерекшелігі – биылғы оқу жылына қабылданған талапкерлердің іс-шараға белсене қатысуы.

Білім алушыларға арналған мерекелік кештің шымылдығы күймен ашылып, оқу орнының проректорлары мен факультет декандары студенттерді айтулы шарамен құттықтап, сәттілік тіледі.

Жылдағыдан ерте жарияланған Жолдаудың маңызы талқыланды

Қазан айының 9 күні университеттің профессор-оқытушылар құрамы Мемлекет басшысының Жолдауын талқылады. Э.ғ.д., профессор Бегім Серікұлы Жолдаудағы 6 бөлімді талдап, әрқайсысының маңыздылығына тоқталды.

"Жолдаудың бірнеше ерекшелігін айтып өтуге негіз бар. Ұлт көшбасшысы Жолдауды жылдағыдан ерте жариялап, тиісті міндеттер мен өзгерістерді енгізуді ұзаққа созбай, келер жылдың басынан қолға алуды тапсырды", - дей келе елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен азаматтардың әл-ауқатын жақсарту туралы бастамаларын, прогрессивті дамуға бағытталған реформаларын талқылады.

Жетісай аудандық прокуратура өкілдерімен бірлесе өткізілген семинар

Қазан айының 8 күні "Құқық және экономика" кафедрасы мен Жетісай аудандық прокуратура өкілдерімен бірлескен таныстыру семинары болып өтті.

Шараның мақсаты – жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың қылмыстық жағдайға жеткізетін әрекеттер сипатын саналы түрде ұғынуына ықпал ету, елге, қоғамға қызмет ететін патриот жастарды тәрбиелеу.

Елбасы Жолдауы – 2018

Қазақстан Республикасының президенті  Нұрсұлтан Назарбаев  5 қазанда Ақордада Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауын жариялады. "Сырдария" университетінің профессор-оқытушылары мен студенттері "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" тақырыбындағы Жолдауын тыңдады. Жыл ішіндегі екінші Жолдау еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттеріне арналды.