IQ ТУРНИР

IQ турнирі - бұл әлеуметтік, материалдық немесе кәсіби жіктеуден тыс адамдарды біріктіретін ерекше ойын. Бұл әр түрлі жастағы қатысушылар өздерінің ең жақсы қасиеттерін, логикасы мен эрудициясын жеңіл, тыныш атмосферада көрсету үшін жиналатын сәт.

Біздің басты міндетіміз – білімге деген қызығушылықты арттыру, жастарды барынша білімді болуға тарту. Барлық сұрақтар дүниетанымға, логикаға, тез тапқырлыққа қатысты алынды. Мұнда қазақстандықтардың мәдени-тарихи мұрасына қатысты да мәселелер болды.

Студенттердің ғылыми жетістіктері

«Дизайн және өнер» факультеті «Өнер» кафедрасының 6В01403- Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау / 5В010700- «Бейнелеу өнері және сызу» білім беру бағдарламасының 2 курс студенті Дадаева Фодма Әбдіғафурқызы және 3 курс студенті Құлан Аяулым Асылбайқызы «Ұстаз тілегі» атты ғылыми –әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен Республикалық пән аралық көркем еңбек (қыздар арасында) және бейнелеу өнері пәнінен студенттер арасында 1 дәрежелі дипломмен марапатталды.

ГОБЕЛЕН үйірмесіне саяхат

Қолөнер – баға жетпес, өшпес мұра! Халқымыздың көне мәдениетін бүгінгі ұрпаққа жеткізуде гобелен өнерінің үлесі зор. Гобелен өнерінің қалыптасуы қазақ халқының қолөнері ішіндегі ең басты орындардың бірін алады.

Гобелен өнері студенттердің эстетикалық талғамын, биік адамгершілік қасиеттерін арттырады, олардың ой-өрісін, рухани байлығын дамытады.

Guest speaker: театр менің өмірім

SU Students’ Union ұйымдастыруымен кезекті Guest speaker іс-шарасы өтті. Бұл жолғы спикер Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрының режиссері, Халықаралық театр фестивальдерінің лауреаты Тілеген Ахметов.
Студенттер мен режиссердің сұхбат өте қызықты өтті. Тілеген Ахметов жастарға өзінің кинодағы алғашқы қадамдары мен ең бірінші картинасы туралы, «Қайран Шәмші» сияқты деректі фильмдерінің жетістігі туралы айтып берді. Сондай-ақ, студенттер режиссердің түсірілім кезінде болған қиындықтар мен қызық оқиғаларын қызыға тыңдады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы семинар-тренинг

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші курс студенттері арасында семинар-тренинг өткізілді.

Тренинг мақсаты студенттердің сыбайлас жемқорлық жайындағы білімдерін тереңдету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әреттер амалдарын қолдануды меңгеру болды.

Аптаның үздік оқытушысы

Бишанов Мақсат Болысбайұлы
Шебер суретші, Қазақстан дизайнерлер одағының мүшесі, «Өнер» кафедрасының аға оқытушысы, ғылым магистрі
«Сырдария» университетінің «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығының түлегі.
«Түсіндірме сөздік», «Пластикалық анатомия», «Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі» оқулығы мен оқу-әдістемелік құралдарының авторы.
«Мінсіз қызметі үшін» медалінің иегері.
Бейнеролик: https://youtu.be/G-_i9DVbQ0Y
 

Ынтымақов Советжан Арғынбайұлы

Ынтымақов Советжан Арғынбайұлы 1997 жылы Қазақ Мемлекеттік Заң Университетін үздік дипломмен бітірген. Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін Солтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасында Басқарма прокуроры болып жұмыс істеген. 
Ғылыми-педагогикалық қызметін Қазақ Мемлекеттік Заң Университетінің «Азаматтық құқық» кафедрасында аға оқытушы лауазымында бастап, кейін аталған кафедраның меңгерушісі болып қызмет атқарды. 

"Девиантты мінез-құлық және оның көрініс беру себептері" атты тәжірибелік семинар

Девиантты мінез-құлықтың «болашақтың үрейіне» айналғандығы ересектерге де, балаларға да, тіпті жалпы қоғамға да белгілі.

Қазіргі таңда тұлғаның ролі мен қалыптасуының алар орны ерекше, соның ішінде девиантты мінез-құлқы бар жасөспірімдердің өз өмірлік әрекеттері мен жеке уақыттарын ұйымдастырулары өте маңызды.

Семинар барысында девиантты мінез-құлыққа сипаттамалар беріледі.

Жасөспірімдердің ерекшеліктері мен мақсат-міндеттері қаралып, олармен жұмыс істеу стратегиялары талданды.
 

Психологиялық тренинг: МЕН ЖӘНЕ МЕНІҢ ОРТАМ

Мақсаты: Өмірде адамнан асқан құндылық жоқ екендігін түсіндіру, бақытты өмір сүру үшін өзін-өзі психологиялық тұрғыдан дайындау, жеке қасиеттерін білуге тәрбиелеу, дұрыс қарым-қатынасқа түсу мәдениетін және “Мен” концепциясын қалыптастыру.
 

Тренинг міндеттері:
- адамдар арасындағы қарым-қатынастың мәнін түсіну;
- өз бойындағы жағымды және жағымсыз қасиеттерін білу, түзетуге көмектесу;
- топтағы өз орнын, өзінің ортасын танып білуіне көмектесу;
- топта белсенді жұмыс жасауға ынталандыру.
 

Баспасөз конференция

2021 жылдың 18 ақпан күні «Сырдария» университетінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың ерекшеліктері» тақырыбында баспасөз конференциясы өткізілді.
Мақсаты - университет профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлерін және білім алушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл және құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарының нормативтік-құқықтық қамтамасыз етілуі туралы ақпараттандыру.

Оқиға категориялары