АЛҒЫС АЙТУ – ПАРЫЗЫМ

«Алғысым шексіз!». Осылайша, наурыз айының беташар күні мерекелік құттықтау, бір-біріне деген ыстық ықылас пен ризашылық сөздермен бастау алды. Қаhарлы қыс бітіп, жайма шуақ мезгіл көктемнің алғашқы мерекесі тойлануда. 

Алғыс айту күні – қайырымдылық дәстүрлерін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні.

Алғыс айту күні - бұл, ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты күні. Бұл    Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымның белгісі.

«Спорт және өнер» факультетінің "Дизайн" білім беру бағдарламасының 1- курс  студенттері  Алғыс айту күніне орай дөңгелек үстел ұйымдастырды (топ тәлімгері -Сындарова Жанар).

Мақсаты: жастардың  сыйластық  құндылығы туралы түсініктерін кеңейту,  ризашылық, рахмет, алғыс туралы түсінік беру, үлкен кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынасын дамыту. Жастарды әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу.
 

Оқиға категориялары