"ЖОЛДАУ 2019 – ҚОҒАМДЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ӨРКЕНДЕУДІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ" АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

2019 жылдың 18 қазанында Оңтүстік өңірінің білім ордасы, отау тіккеніне 20 жылдан асқан "Сырдария" университеті ЖОО арасында алғашқылардың бірі болып ҚР Президенті "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты жолдауын халыққа жеткізу мақсатында "Жолдау 2019 – қоғамдық жаңғыру мен өркендеудің жаңа кезеңі" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.

Негізгі мақсаты – әрбір қазақстан азаматына жолдаудың мәнісін жете түсіндіріп, отанымызды өркендету жолындағы алар маңызына зер салу.

Халықаралық жиын студенттердің қолөнер көрмелері мен профессор-оқытушылардың ғылыми-әдістемелік еңбектерімен танысудан басталды.

18-10

Конференция барысында пленарлық және секциялық мәжіліс отырыстары ұйымдастырылып, келесі тақырыптарды талқылады: "Қоғамдық жаңғыру жағдайындағы гуманитарлық білім беру жүйесінің жаңашылдығы", "Жаңартылған білім беру бағдарламасы және жаңа тұрпатты мұғалім", "Ақпараттық білім мен ақпараттық қарым-қатынас технологиясы", "Әлеуметтік жаңғыру және экономика мен бизнес", "Ұлттық код, ұлттық өнер және спорт", "Жолдау 2019 – жастардың жаңа мүмкіндіктер алаңы".

18-10

18-10

 

Пленарлық отырыста Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, Мақтарал ауданының, Оңтүстік Қазақстан және Түркістан облысының "Құрметті азаматы", педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі Аяшев Оңалбай Аяшұлы кіріспе сөз сөйледі.

18-10

Университет ректорының м.а., тарих ғылымдарының кандидаты Мамраймов Серік Дәулетұлы "Қоғамдық жаңғыру жағдайында "Сырдария" университетінің қарқынды дамуы", Даму ғылымдарының докторы Серік Оңалбайұлы "Өркендеу мәселелері" тақырыбында баяндамалар оқыды.

18-10

Жетісай ауданының әкімі Бейсенбаев Жамантай Қанайұлы, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Балабиев Қайрат Рахымұлы, Түркістан облыстық Нұр Отан филиалы төрағасының орынбасары Қалима Жантөреева құттықтау сөз сөйледі.

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Жәутіков Бахыт Ахатұлы "Сырдария" университетінің ректоры м.а., техника ғылымдарының кандидаты Роза Джанысбекқызымен ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды.

18-10

Конференцияның жұмысын қорытындылай келе, Ғалым хатшы, филология ғылымдарының кандидаты Абенова Ләззат Усманқызы қабылданған қарардың жобасымен таныстырды. Қабылданған қарардың негізінде университет ұжымы Қазақстан жоғарғы оқу орындарының профессор-оқытушылары мен студенттеріне үндеу жариялады.