"Бастауыш білім және өнер" факультеті

Қонақбаева Ұлжамал Жандаралиевна

факультет деканы, философия докторы Phd

✆ Телефон: +7 702 901 5201

✉ E-mail: f-ped@tashenev.edu.kz

? ТҮЙІНДЕМЕ/РЕЗЮМЕ


Факультет құрамы туралы
Факультет құрамында 4 кафедра: «Педагогика және бастауышты оқытудың әдістемесі»"Мектепке дейінгі оқыту және психология"«Дизайн» және "Саз және ән" кафедралар жұмыс жасайды. 

Бастауыш білім және өнер факультетінің кәсіптік бағдар беру жұмыстары

Академиялық комитеттер құрамын бекіту. Өкім.

Факультет тарихы 

2003 жылы Сырдария университетінің педагогикалық  және өнер мамандықтары  негізінде  құрылған «Өнер» факультеті бүгінгі күні «Бастауыш білім және өнер» факультеті болып қайта құрылып, өз қызметін жалғастыруда. Аталған факультет өзінің құрылғанынан кейінгі жылдары бірнеше рет атауы, құрамындағы білім беру бағдарламалары өзгерсе де оны басқарған аға оқытушы М.Ашимова, техн. ғ.к, доцент К.Баймаханов, п.ғ.к. Л.Мырзабек, ф.ғ.к. Д.С. Болысбаев, доцент Ұ.Ә. Сапарбаева сынды декандар факультеттің материалды-техникалық базасын жасады, оқу-тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастырумен қатар, оқытушылық жұмысқа келген жас мамандарды тәрбиелеуге аса көп көңіл бөлді. Сонымен қатар адамгершілік пен бірін-бірі сыйлау принциптерін берік ұстанған ұйымшыл ұжым қалыптастырды.
Биыл 2023 жылдан бастап  «Бастауыш білім және өнер» факультетінде PhD, доцент Конакбаева Улжамал Жандаралиевна декан қызметін атқаруда.  
    Бүгінгі таңда факультетте оқу ісін ұйымдастыру, студент–жастарды тәрбиелеу, кәсіби деңгейі жоғары мамандар даярлау, факультеттің материалды–техникалық базасын нығайту, ғылыми–ізденіс жұмыстарды жолға қою, жаңа мамандықтар ашу сияқты көптеген шешімі күрделі жұмыстар атқарылуда.  
    Факультеттің ғылыми потенциалы жоғары деңгейде. Кафедраларда 4 профессор, 3 ғылым докторы, 10 ғылым кандидаты,  6 PhD докторы, 6 доцент, 2 ҚР Мәдениет қайраткерлері, 5 ҚР және Еуразиялық Дизайнерлер Одағының мүшелері, 5 ҚР ЖОО–ның үздік оқытушылары, 3 аға оқытушы, 17 магистр-оқытушы оқу– тәрбие жұмыстарын жүргізеді.
    Факультетте оқу үрдісі Мемлекеттік білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес қазіргі заманғы білім беру технологиялары бойынша ұйымдастырылған. Студенттерді кредиттік жүйе бойынша оқыту үшін факультетте кітап қорын оқу-әдістемелік әдебиеттермен толтыру, оқыту үрдістеріне жаңа инновациялық технологияларды енгізу, оқу үрдісін ақпараттандыру және компьютерлендіру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Барлық кафедраларда корпоративтік торап арқылы интернетке қосылған компьютерлік сыныптар бар.
«Бастауыш білім және өнер» факультетінің құрамындағы кафедралар бакалавриат мен магистратураның  "Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі", "Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу", "Педагогика және психология", "Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау", "Музыка мұғалімдерін даярлау" және «Дизайн» сияқты білім беру бағдарламалары бойынша педагог кадрлар мен білікті мамандарды даярлаумен айналысады. Факультет құрылған жылынан бастап облыс пен қаланың жалпы білім беретін және кәсіптік мектептері үшін сегіз мыңнан астам жоғары білікті мамандар даярлаған.
Қазіргі уақытта факультетте 5 лекция залы, 15 оқу кабинеті, 2 тігін және 1 сәндік қолданбалы өнер шеберханасы, 1 инклюзивті білім беру кабинеті, 1 компьютер класы, 1 оқу залы, 4 кафедра бөлмесі, 2 деканат бөлмесі бар. 
 


"Бастауыш білім және өнер" факультеті келесі білім беру бағдарламалары бойынша мамандарды дайындайды: 
Бакалавриат бағдарламалары:
1. 6В01101-"Педагогика және психология"
2. 6В01201-"Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы"
3. 6В01301-"Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі"
4. Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау
5. 6В02101-Дизайн
6. 6В02111-Сән индустрия
7. 6В01402-Музыка мұғалімдерін даярлау

Магистратура бағдарламалары:
1. 7М01101 – «Педагогика және психология»
2. 7М01301– «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі»


БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ ПРЕЗЕНТАЦИЯЛАРЫ

6В01101-"Педагогика және психология"

6В01301-"Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі"


БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ БОЙЫНША ҚҰЖАТТАР

1. Пәндер бойынша оқу-әдістемелік кешен
2. Оқытушының жеке жоспары
3. Ғылыми-зерттеу жұмысы туралы кафедраның есебі
4. Мұғалімдердің біліктілігін арттыру туралы құжаттар, оның ішінде шетелдерде
5. Түлектердің жұмысқа орналасуы туралы ақпарат
6. Оқытушыларының жарияланымдарының тізімі
7. ПОҚ шығарған оқу-әдістемелік әдебиеттер тізімі
8. Тәжірибе келісімдері
9. Элективті пәндердің жұмыс берушілерімен келісім хаттамалары
10. Халықаралық ынтымақтастық туралы есеп
11. Жұмыс берушілермен өзара әрекеттесу туралы ақпарат
12. Білім беру бағдарламалары мамандандырылған бөлмелері мен зертханалары (атауы, мақсаты, жабдықтары, қажеттіліктері)
13. Тезистерді, ғылыми кеңесшілер мен рецензенттерді бекіту туралы бұйрықтар
14. Дипломдық жұмыс
15. Кафедраның әдістемелік жұмысының жоспары
16. Кафедраның тәрбие жұмысының жоспары
17. Ашық сабақтарға талдау жүргізу хаттамалары

1. 6В01101-"Педагогика және психология"

2. 6В01201-"Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы"

3. 6В01301-"Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі"

4. 6В01601-Тарих мұғалімдерін даярлау

5. 6В01701-Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

6. 6В01702-Шет тілі: екі шет тілі мұғалімдерін даярлау

7. 6В01703-Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

8. 6В03201-"Кітапхана ісі"

БЕЙНЕРОЛИКТЕР. МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗАСЫ

1. "Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі" білім беру бағдарламасы https://youtu.be/ycUHsEVbt1k

2. "Педагогика және психология" білім беру бағдарламасы https://youtu.be/9hkrG7jGW2g

3. Тарих мұғалімдерін даярлау білім беру бағдарламасы https://youtu.be/gth-_87f_H0

4. "Қазақ тілі мен әдебиеті" білім беру бағдарламасы https://youtu.be/DfG1rEwKngQ

5. "Шетел тілі: екі шетел тілі" даярлау білім беру бағдарламасы https://youtu.be/aNfTGb15y3I

6. “Филология және гуманитарлық білім” факультеті: https://youtu.be/UikoiGQgjiM

7. “Педагогика және психология” кафедрасы: https://youtu.be/ZOoHjf8RNJo

8. “Шетел тілдері” кафедрасы: https://youtu.be/iSs6KpiFNvQ

9. “Отан және шетел тарихы” кафедрасы: https://youtu.be/bwU69hvxlQA

10. “Филология” кафедрасы: https://youtu.be/aZMrWgK3nC4

Оқиға категориялары