"Әл-Фараби мен Абай Құнанбаев мұраларындағы психологиялық көзқарастар" онлайн семинары

2020 жылдың 18 қараша күні «Сырдария» университетінің «Педагогика және психология» кафедрасының ұйымдастыруымен «Әл-Фараби мен Абай Құнанбаев мұраларындағы психологиялық көзқарастар» атты студенттер мен жас ғалымдардың республикалық ғылыми-тәжірибелік онлайн семинары өткізілді.

Семинардың мақсаты: Әл-Фараби мен Абай Құнанбаев мұраларындағы психологиялық ой-пікірлер мен рухани мұрасын білім мен ғылымға, ұлттық құндылықтарға қатысты көзқарастарын жаңа заманның талаптарына сай зерделеу және болашақ ұрпақтың психологиялық мәдениетін көтеру, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мен насихаттауды жандандыру.

Семинар барысында Ғалым хатшы, ф.ғ.к., Абенова Лаззат Усманқызы, Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор, философия докторы (PhD) Абдуразова Перизат Әділбекқызы, «Филология және гуманитарлық білім» факультетінің деканы, т.ғ.к., доцент Мейірбеков Мырзабай Балтабайұлы, Абай атындағы ҚазҰПУ п.ғ.к., доцент Ибраймова Жанар Қажыбайқызы, С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ғ.м., оқытушысы Алибаева Рауан Нұрғалиқызы ғасыр ғұламалары туралы ой-пікірлерімен бөлісті, жас ғалымдарға сәттілік тіледі. 

«Педагогика және психология» кафедрасыныңоқытушыларымен білім алушылары тарапынан төмендегідей баяндамалар тыңдалды: ғ.м., оқытушы Дәуірхан Зере Жанболатқызы Әл-Фарабидың «Қайырымды қала тұрғындар трактатымен», Қуатова Ақжан Әлмақанқызы «Абай есімі Түркі әлемін біріктіруші ұлы есімдердің бірі» баяндамасымен, 2-курс магистранттары Қалаубай Айбала менИзатулла Айгерім «Абайдың адамгершілік тәрбиесіндегі психологиялық көзқарастар», «Абайдың педагогикалық көзқарастары», 4 курс студенттері Абдразақ Динара «Әл-Фараби еңбектеріндегі психологиялық көзқарастар», Ерхан Аяулым Әл-Фараби «Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы» трактатымен, 3 курс студенттері Жанұзақ Аида«Абайдың қара сөздерінің психологиялық негіздері», Базарбай Гүлбаршын «Абай еңбектеріндегі психологиялық көзқарасы», Қайназар Әсемай «Абайдың 18-ші қара сөзі», 2-курс студенті Маханбетқұл Қымбат «Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл» баяндамалар тыңдалды. 

«Сырдария» университетінің оқытушы-профессор құрамы мен студенттері ZOOM онлайн платформасы арқылы қатысып, өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды. 

1

 

2


 

Теги: