Түлектердің қонақпен кездесуі

Бүгін университетімізде Абай облысы Курчатов қаласының әкімдігімен бірлесіп «Ерікті қоныс аудару» мемлекеттік жобасын жүзеге асыру аясында университет қабырғасында бітіруші түлектермен кездесу ұйымдастырылуда.

Кездесуге университет ректоры Байболов Қанат Сейтжанұлы мен Курчатов қаласы әкімінің орынбасары Кошкарбаев Нурбек қатысып, сөз сөйледі.

Шараның мақсаты - Кәсіпкерлікті дамыту бойынша 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық жоба бағдарламасы аясында ерікті түрде қоныс аударуды жастар арасында кеңінен түсіндіру.
 

💾 PDF. «Абай облысы Курчатов қаласының мансап орталығы»