Жұмыс берушілермен кездесу
- 1 view
Сапалы білім беру ортасын қалыптастыру мақсатында жұмыс берушілермен кездесулер ұйымдастырылды
Білім беру процесін жақсарту жөніндегі іс-шаралар шеңберінде "Сырдария" университетінің кафедралары 2021 жылғы 29 қыркүйек – 07 қазан күндері аралығында ОПҚ және студенттер жетекші маман-жұмыс берушілермен кездесулер өткізілді.
Іс-шаралар барысында бакалавриаттың 26 және магистратураның 6 білім беру бағдарламалары бойынша күшті және әлсіз жақтарын талқылау бойынша дөңгелек үстелдер өткізілді. Талқылау барысында 9 кафедра меңгерушілері, Академиялық комитеттердің мүшелері сөз сөйлеп, білім беру бағдарламаларының мақсаттарымен, міндеттерімен және мазмұнымен таныстырды, оқытуға құзыреттілік тәсіл қағидаттарына, білім беру бағдарламасын қалыптастыру кезеңдеріне, оқыту нәтижелерін қалыптастыруға және оларға қол жеткізу өлшемдеріне тоқталды.
Жұмыс берушілер мен қатысқандар баяндамаларды үлкен қызығушылықпен тыңдап, білім беру бағдарламалары туралы өз ұсыныстарын, ұсынымдары мен оң пікірлерін білдірді: білім беру бағдарламалары өз бетінше ойлауға және қоғамның прогрессивті ғылыми-техникалық, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуын қамтамасыз етуге қабілетті, бәсекеге қабілеттілігі жоғары білікті кадрларды, кәсіби мәдениетінің жоғары деңгейі бар мамандарды даярлау талаптарына толық сәйкес келеді.
Талқылау нәтижесінде оқытушылар мен студенттер қонақтарға жаңа білім беру бағдарламаларын жаңарту және әзірлеу кезінде ескерілетін қызықты ұсыныстар үшін алғыс білдірді.
Оқу-әдістемелік басқарма
Оқиға категориялары
?"Zan" деректер қоры ? Tilqural.kz ? Tilalemi.kz ? Balatili.kz ? Emle.kz ? Termincom.kz ? Sozdikqor.kz ? Qazcorpora.kz ? Qujat.kz ? Tilmedia.kz ? Atau.kz ? Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет