GUEST SPEAKER

Кезекті еркін пікір алмасу алаңына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Шілманов Айбек Ақбергенұлы қатысты.
Мемлекеттің басым міндеті - кәсіби мемлекеттік аппарат құру үшін дарынды мамандарды анықтау және қолдау. Бүгінде мемлекеттік қызмет қызметкерлерінің 25% - ын 29 жасқа дейінгі жастар құрайды.
Айбек Ақбергенұлы кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру, мемлекеттік қызметке кіру рәсімдерін жаңғырту кезеңдеріне тоқталды,
Мемлекеттік қызметтегі мансапты қалай бастау керек, кандидатқа не істеу керек, мемлекеттік қызметке қалай орналасуға болады, қандай талаптар қойылады, жаңа бастаған мемлекеттік қызметкер қанша ақша табады - осы және басқа да көптеген сұрақтарға  қатысушылар жауап алды.
Кездесу барысында мемлекеттік қызметтің жаңа моделі бойынша түсініктемелер беріліп, мемлекеттік қызметті дамытудың негізгі бағыттары талқыланды.