ЖАСТАР САЯСАТЫ БӨЛІМІ

Исмайлова Мереке Ережепқызы 
Жастар саясаты бөлімінің басшысы

⛳ Мекен-жайы: Шымкент қаласы, Қонаев даңғылы, 21, №417 кабинеті
✉  E-mail: student@tashenev.edu.kz


► Әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі проректор

► Студенттердің өзін-өзі басқаруы

Бөлім туралы

► Іс-шаралар

Жұмыс өтілі:    
•    2023-2024 жж - Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университеті, Жастар саясаты бөлімі басшысы;
•    2021-2023жж - М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан   университеті  «Тәрбие ісі және жастар саясаты» департамент директор орынбасары;
•    2019-2021 жж М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің колледжінде директордың тәрбие ісі  жөніндегі орынбасары;
•    2014-2017 жж Алматы қаласы,  № 82 жалпы білім беретін мектеп  директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
Білімі: 
•    2005-2009 жж. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті «Педагогика және психология» мамандығы;
•    2020-2022 жж. Ә. Бөкейханов атындағы университет «Педагогика және психология»  магистрі.
Жауапкершілік саласы: Студенттердің азаматтық мәдениетін, белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру, олардың әлеуметтік жетілуіне, дербестігіне, өзін-өзі ұйымдастыруына және дамуына ықпал ету.

Тәрбие жұмысын жүзеге асыру кәсіби тұрғыдан да, моральдық тұрғыдан да дамыған, кәсіби іс-әрекетке шығармашылық тұрғыдан қарайтын интеллектуалды дамыған тұлғаны дайындауға бағытталған. Университеттегі тәрбие жұмысының негізгі идеясы – білімді де саналы мамандар даярлау.
Университетте тәрбие жұмысы Қазақстан Республикасы Конституциясының, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының, Президент Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауы, Қазақстан Республикасының азаматтарын патриоттық тәрбие берудің мемлекеттік бағдарламасы, сыбайлас жемқорлықпен күрестің мемлекеттік бағдарламасы.


Негізгі мақсаттар:
- Ж.А.Тәшенев атындағы университеттің сапа саласындағы саясаты мен мақсаттарын жүзеге асыру;
- сапа саласындағы міндеттемелерді және сапа менеджменті жүйесінің талаптарын орындау;
- университет кураторлар кеңесінің жұмысын бақылау;
- студент жастарды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық, өндірістік және мәдени өміріне белсенді қатысуға дайындау, тәрбие жұмысының тәсілдерін, принциптерін және сипатын өзгерту мақсатында тұлғаны мақсатты түрде жүйелі қалыптастыру.

Негізгі функциялары мен мақсаттары:
- өкілдерінің бәсекеге қабілетті білімі, шығармашылық ойлауы ғана емес, сонымен қатар азаматтық-адамгершілік ұстанымдары жоғары, патриоттық сезімі мен әлеуметтік жауапкершілікті сезінетін интеллектуалды ұлтты қалыптастыру;
- оқушылардың жан-жақты қызығушылықтары мен қабілеттерін дамыту;
- педагогикалық ұжым мен студенттер арасында Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатын және мемлекеттік бағдарламаларын насихаттау;
- педагогикалық ұжым мен студенттердің тұлғасын қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу;
- студенттер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу;
- студенттер арасында салауатты өмір салтын насихаттау және нашақорлықтың алдын алу;
- университеттің тәрбие жұмысының жоспары бойынша өткізілетін барлық іс-шараларды ұйымдастыру, басқару және бақылау;
- академиялық топтардағы кураторлардың жұмысын үйлестіру, бақылау, талдау;
- оқушылардың іс-әрекетін үйлестіру және бағыттау, студенттердің бастамаларын жүзеге асыруға белсенді көмек көрсету;
- студент жастарды тәрбиелеу мәселелері бойынша республиканың және облыстың жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық;
- жастар саясатын жүзеге асыруда жастардың үкіметтік емес ұйымдарымен ынтымақтастық;
- ішкі саясат бөлімімен және республиканың, облыстың және қаланың жастар ісі жөніндегі жастар орталықтарымен ынтымақтастық.
- республикалық және аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарымен ынтымақтастық;
- әлеуметтік осал студенттерге мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңес беру, сондай-ақ университеттің ұсынылып отырған көмегі.
 

Құжаттар

💾 Академиялық адалдық кодексі
💾 Әдеп жөніндегі кеңес туралы ереже
💾 Салтанатты шараларды ұйымдастыру
💾 Студенттік жатақханасындағы ішкі тәртіп
💾 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
💾 Университет студенттерінің өзін-өзі басқару туралы ереже
💾 Құрылым ережесі. Жастармен жұмыс атқару бөлімі
💾 Жастармен жұмыс атқару бөлімінің 2022-2023 оқу жылына арналған іс-шаралар жоспары
💾 Университет ережесі. Студенттердің өзін-өзі басқаруы  

💾 Студенттердің ғылыми үйірмелері туралы мәлімет
 


Студенттік өмір

Жаңа пікірді жазу

Бұл өрістің мазмұны құпия ретінде сақталған және жарияланып көрсетілмейді.

Ограниченный HTML

  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a href hreflang> <em> <strong> <cite> <blockquote cite> <code> <ul type> <ol start type> <li> <dl> <dt> <dd> <h2 id> <h3 id> <h4 id> <h5 id> <h6 id>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
  • Web page addresses and email addresses turn into links automatically.