Мусаева Азадахан Мубараковна

«Тілдер және әдебиет» кафедрасының оқытушысы

Шымкент қаласы Тұран ауданына қарасты А.П.Чехов атындағы №21 жалпы орта білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өзбек тілі және әдебиет пәні мұғалімі  Мусаева Азадахан Мубараковна  03.08.1962 ж. Шымкент қаласында зиялылар отбасында дүниеге келген. Ұлты-өзбек, білімі-жоғары, еңбек өтілі-40 жыл.
   1979 жыл Шымкент қаласы А.П.Чехов атындағы №21 жалпы орта білім беретін мектепті бітіріп, Ташкент қаласы Низами атындағы Педагогикалық институты филология факультетінің «Өзбек тілі және әдебиеті» бөліміне оқуға түсті. 1983 жыл аталмыш жоғары оқу орынды   сәтті тәмамдап, еңбек жолын Шымкент қаласы А.П.Чехов атындағы №21 жалпы орта білім беретін мектепте өзбек тілі және әдебиеті пәні мұғалімі болып бастап, қәзіргі таңда атылмыш мектепте жұмыс атқаруда.
   Шығармашылық жетістіктері:
- ҚР-ның білім беру жүйесін дамытуға және өскелең ұрпаққа тәрбие мен білім берудегі қол жеткізген табыстары үшін Қазақстан Республикасының оқу-ағарту  министрі  Ғ.Бейсембаевтың «Құрмет грамотасы», «Алғыс хатымен» марапатталды.
- Оқу ағарту министрінің «Орта білім беру ісінің үздігі» құрмет грамотасымен марапатталды;
-  2022 жыл «Тіл барда мен тірімін, мәнгімін» тақырыбындағы эссе байқауына қатысып Бас жүлде иегері атанып, Дипломмен марапатталды.
- Дубай қаласында өткен Халықаралық «Global teaching forum Dubai -2022» форумына «Тіл және әдебиет сабақтарында оқушыларда шығармашылық қәбілеттерін дамыту» тақырыбында баяндамасымен қатысып,  Диплом және Сертификатпен марапатталды. 
- 2022 жыл Өзбекстан Республикасының Наманган қаласында ақын Усмон Носирдың  110 жылдығы аясында «Усмон Носир лирикасига чизгилар» ғылыми мақаласымен қатысып Өзбекстан Республикасы Білім министрлігі тарапынан  Алғыс хатпен марапатталып,  еңбегі Өзбекстандағы басылымдарға жарияланды.
-  2023 жыл Ахмет Яссауидың 930 жылдығы аясында өткізілген Халықаралық байқауда «Хикмат излаганга - хикматдир дуне» тақырыбында ғылыми мақаласымен қатысып І дәрежелі Дипломмен марапатталды.
- 2023 жыл қараша  айында Индия мемлекетінде өткізілген «Uzbekistan-India: Scientific-Cultural Cooperation-Integration of National and universal 
Values» іс-шараға қатысып, мақаласы топтамаға кірітіліп,  Сертификатқа иеленді.
-  2000 жыл ұстаз Мусаева Азадахан Мубараковнаның «Яхшилар изидан» , 2023 жыл «Маънавият сарчашмаси» атты кітаптары жарық көрді. 
- 2023 жыл  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 32 жылдығы аясында «Илхомим манбаи, жонажон Ватан!» тақырыбында республикалық байқауға қатысып  Жоғары дәрежелі Дипломмен марапатталды.
-  2023 жыл Өзбекстан Республикасында «Суз санъати» Халықаралық журналында «Соатой Камол қизининг суз қуллаш махорати» атты мақаласы жарияланды.
- 2024 жыл  Ж.Тәшенов атындағы университет, ҚР ӨЭМҚБ «Дустлик» қауымдастығы, Өзбекстан Республикасы мемлекеттік хореография академиясының ұйымдастыруымен өткізілген «Талантты жастар» Халықаралық шығармашылық байқауда 3 оқушысы: 11 «А» сынып оқушылары Мадина Рахманбердиева, Розматхан Тешебаев, Руфина Юлдашева Алғыс хатпен марапатталды.
       Сонымен қатар, ұстаз Мусаева Азадахан Мубараковнаның өзбек тіліндегі облыстық басылымдағы газеттер мен журналдар «Жанубий Қозоғистон», «Жануб жарчилари»  беттерінде  мақалалары жарияланған. 
       Ұстаз Мусаева Азадахан Мубараковна А.П.Чехов атындағы №21 жалпы орта білім беретін мектебінде зейнеткерлік  жасына дейін  үздіксіз 40 жыл бойы абыроймен жұмыс атқарып келеді. Жалпы 40 жыл еңбек өтілі бар ұстаздың оқушылары өзбек тілі және әдебиеті пәні бойынша өткізілген қалалық, облыстық олимпидалары мен іс-шараларға, әдеби кештерге белсене қатысып жүлделі орындарға иеленген.
 

Оқиға категориялары