Бөрі Иса

Туылған жылы, айы, күні: 15.08. 1945ж.

Отбасылық жағдайы: отбасылы.

Мекен-жайы: Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Жетісай қаласы, Ә.Қашаубаев, 39

Сымтетіктері: 8-702-277-77-45
Бітірген оқу орны: 1963 жылы Шымкент музыкалық училищені «Домбыра» мұғалімі мамандығын С.Әжиева класынан бітірген. 1966 – 1971 жылы - Алматы Консерваториясын домбыра – Т.Мерғалиев, дирижер – Б.Әбдіхалықов, Ш.Қажығалиевтен екі мамандық бойынша бітірген. 

Педагогикалық өтілі: 60 жыл.

Ұлты: қазақ.

Атқарған қызметтері:      1963 жылы - Жетісай мәдениет үйінің ұлт аспаптар оркестрінің жетекшісі.
1964 жылы қаңтар айында Ташкент қаласы Мұхыми театрында Ғ.Мүсірепов, Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» музыкалық драмасын оркестрмен сүйемелдеп дирижерлық жасаған.
1965 жылы Жетісай қазақ педагогикалық училищесінің мұғалімі.
1970 жылы Жетісай мәдени ағарту училищесінің оқу істері жөніндегі директордың орынбасары. 
1997 жылы Халықаралық қазақ – түрік университеті Жетісай бөлімшесінің аға оқытушысы.
1998 жылы «Сырдария» университеті «Ән және саз» кафедрасының меңгерушісі.
1998 жылы Жоғарғы аттестациялық комиссиясының шешімімен өнертану ғылымының доценті.

Жетістігі:     1963 жылы – Жамбыл, Қызылорда, Шымкент кәсіптік техникалық училищесінің біріккен оркестірі (60 адам) Алматы опера балет театрында Құрманғазының «Балбырауын» күйін дирижерлық жасаған. Осы гала концертте Брамстың «№5 Венгер биін» күйсандыққа қосылып ойнаған. Ол сол жылдың маусым айындағы «Социалистік Қазақстан» кино журналында көрсетілген. 
1964 жылы қаңтар айында Ташкент қаласы Мұхыми театрында Ғ.Мүсірепов, Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» музыкалық драмасын оркестрмен сүйемелдеп дирижерлық жасаған.
1964 жылы сәуір айында Киров халық театры, оркестрі «Кремль Сарайында» өнер көрсетті. СССР мәдениет министрі Е.Фурцева қол қойған «Үздік еңбегі үшін» төс белгісімен награтталды.
1966 – 1971 жылы - Алматы Консерваториясын домбыра – Т.Мерғалиев, дирижер – Б.Әбдіхалықов, Ш.Қажығалиевтен екі мамандық бойынша бітірген. 
1967 жылы Бүкілодақтық фестивальдің лауреаты.
1968 жылы Ташкент опера балет театрында партия съезінің мерекелік концертінде оркестрге дирижерлық еткен.
1966 – 1970 жылдар аралығында Ташкент теледидары «Замандас» бағдарламасында жеті рет өнер көрсеткен.
1970 жылы В.И.Лениннің 100 жылдығында  «Ерен еңбегі үшін» медальмен награтталған.
1970 жылы Жетісай мәдени ағарту училищесінің оқу істері жөніндегі директордың орынбасары. 
1976 жылы «Бүкілодақтық халық творчествосы» фестивалінің лауреаты.
1977 – 1996 жылдары Жетісай қазақ музыка театрының бас дирижеры. Осы жылдар ішінде 15 – тен астам музыкалық қойылым дайындаған: «Қыз Жібек», «Жалбыр», «Ер тарғын», «Айсұлу», «Аршын малалан», «Малиновкадағы той», және т.б. үш спектакльге музыка жазып, 40 – тан астам қойылымдардың музыкасын құрастырған. Қызылорда, Шымкент, Жамбыл, Алматы, Нөкіс қалаларында гастрольдік сапарда болған. 
1980 жылы Москва, Ленинград қалаларында театр дирижері ретінде білімін жетілдерген.
1984 жылы Алматы теледидарында Б.Александровтың «Малиновкадағы той» опереттасын ойнап жаздырған.
1989 жылы Челябі қаласында білім жетілдіру институтында орыс ұлт аспаптары оркестрімен жұмыс жасаған.
1991 жылы Алматы теледидарынан «Тоғыз тарау» атты айдармен 20 минут күй тартқан. Осы сапарында тағы да 16 күйін «Саз» мемлекеттік дыбыс жазу студиясына үн таспаға жаздырып, көркемдік кеңестен өткізген.
1991 жылы «Ақсақ құлан» партитуралар жинағы жарық көрді. 
1993 жылы Ордабасы тауында Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан республикасының президенттері қатысқан мәдени іс – шарада облыстың біріккен үлкен оркестіріне дирижорлық жасаған.
1996 жылы оркестр мен хорға арналған «Армысың, ХХІ – ғасыр!» ораториясын жазып, Жетісай халық оркестрімен, халық хорымен орындады.
1986 жылы Желтоқсан партитура жинағы жарық көрді.
1997 жылы Халықаралық қазақ – түрік университеті Жетісай бөлімшесінің аға оқытушысы.
2000 жылы облыстық рухани – мәдени саласы мен өнерінің дамуына үлес қосқаны үшін «2000 жылдың ең үздік орындаушысы» атағы берілді.
2000 жылы «Мақтаарал ауданының құрметті азаматы» атанды.
2001 жылы – «Сырдария» университетінің өнертану ғылымының профессоры.
2002 жылы «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған мерекелік медальдің» иегері.
2002 жылы Қазақстан композиторлар одағының мүшесі.
2002 жылы Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері.
2005 жылы Қазақстан Республикасының «Білім беру ісінің құрметті қызметкері».
2010 жылы Жетісай қаласы, «Жеңіс алаңында» 1000 адамнан құралған домбырашылар ансамблі мен «Тепен көк», «Балбырауын» күйлерін орындатқан.
2010 жылы Еліміздің мәдениеті мен өнерінің дамуына қосқан үлесі үшін «Шәмші әлемі» гүлзарында ашылған «Жұлдыздар» аллеясында есімі жазылды.
2012 жылы «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медальмен награтталды.
2012 жылы «Алтын - аймақ мекенім» әндер жинағы жарық көрді. «ҚазНұр», Алматы.
2013 жылы «Жиделі байсын» партитуралар жинағы жарық көрді.
2013 жылы «Ахмет Байтұрсынов» атындағы қола медалімен награтталды.
2014 жылы домбырашылар ансамбліне арнаған «Мерекелік күй» жинағы жарық көрді.
2014 жылы симфониялық оркестрге арналған «Наурыз тойы» жинағы жарық көрді.
2014 V Республикалық «Тәуелсіздік толғауы» конкурсында «Ең үздік музыкалық шығарма»номинациясы бойынша "Желтоқсан" шығармасы марапатталады
2015жылы Қазақстан  Республикасы Президентінің  "Қазақстан Конституцияна 20 жыл мемлекеттік медалімен наградталды.
 2015жыл.ІІ Халықаралық дәстүрлі «Ғасырлар сазы»  музыка фестиваль-конкурсының дипломанты,
2016жылы  «ҚР тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медаль.
2017жылы  Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Оңтүстік Қазақстан  Облысы әкімінің  арнайы сыйлығының иегері
2018 жылы Түркістан облыстық мәслихатының құрмет грамотасы.
2018 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімінің алғыс хаты.
2019 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиялық кітапханасы «Өнерім-менің,өмірім»онлайн кездесу.
2016жылы Алматы «Айғаным»баспа үйінен  үкіметтік тапсырыспен «Жеңіс жолы»жинағы «партиоторлар»жинағы жарық көрді.
2017жылы Алматы «Мирас» баспасынан «Пернебек шешен» хикаялар,эсселер кітабы жарық көрді.
2019 жылы Алматы «Шамшырақ»кітап баспасынан «Армысың 21-ғасыр»ораториясы жарық көрді.
2021жылы Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығы бойынша «Құрмет»орденімен марапатталды.
2022 жылы  «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» РММ Ғылыми кеңесінің шешімімен  «Құрметті профессор»атағы берілді.


Қосымша мәлімет:   Ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, ұжыммен жақсы жұмыс жасай біледі, беделге ие, ұжымда педагог-қызметкерлермен 
жақсы  тіл табыса алады, инновациялық жұмыстарда белсенділік танытып жүреді.

Оқиға категориялары