Сыртқы бақылау аудиті өткізілді

2019-2020 жылдың қазан айының 28-29 күндері университеттің сапа менеджменті жүйесін халықаралық ISO 9001:2015 стандартының талаптарына сәйкес сыртқы бақылау аудиті өткізілді. Сыртқы бақылау аудитін Түрік стандарттары институтынан келген эксперттер Ekrem Kale, Mustafa Tikansak өткізді.

Бақылаудың алғашқы күні ашылу жиналысымен басталып, онда сыртқы аудитті өткізудің мақсаты, жаңа стандарттың ерекшеліктері, аудит бағдарламасы мен мерзімдері таныстырылып, университеттің құрылымдық бөлімдерінің жұмысымен танысып, үдерістердің халықаралық ISO 9001:2015 стандарт талаптарына сәйкестігін бағамдады.

Бақылаудың екінші күні сыртқы аудитті жүргізген эксперттер университеттетің сапа менеджменті, аккредиттеу және мониторинг, кадр бөлімдері, кітапхана, студенттерге қызмет көрсету орталығы, ақпараттық және инновациялық технологиялар орталығы, инновациялық ғылыми-зерттеу орталықтарында, мұражай, "Отан және шетел тарихы" кафедрасы т.б. құрылымдық бөлімдерінде сапа аясында іске асырылып жатқан жұмыстарына назар аударды. "Жаратылыстану", "Филология және гуманитарлық білім", "Дене тәрбиесі және спорт" факультеттерінің жаңа талаптарға байланысты атқарылып жатқан жұмыс барысымен танысты. Аудит барысында жоспарланған үдерісті қадағалау және оларға мониторинг жүргізуге, өлшеу мен талдауға, құжаттардың басқарылуына мән берді.

Сыртқы бақылау аудиті 29-қазандағы жабылу жиналысында атқарылған жұмысты қорытындылаумен аяқталды.

Оқиға категориялары