"Халықаралық қатынастар" пәнінен ашық сабақ

«Халықаралық қатынастар» пәнінен ашық сабақ
Тақырыбы: Өзгерген әлемдегі АҚШ-ның ролі
Білім беру бағдарламасы: - 5В011400 «Тарих»
Топ: Тар-17
Курс: 4
Оқытушы: оқытушы Зоржанова А.А.

Video: https://youtu.be/G361IP-wCts


Сабақтың мақсаты:

Америка Құрама Штаттарының қазіргі замандағы сыртқы саясатының басты бағыттары мен өзгерген әлемдегі халықаралық қатынастардағы Америка Құрама Штаттарының алатын ролін анықтау. 
Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, слайд.

Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, сұрақ-жауап, кері байланыс.

Сабақтың түрі: дәріс

Білімділік: АҚШ сыртқы саясаттағы тактикалары мен бағыттары жөніндегі білімдерін жүйелеу, білімдерін тереңдету.

Дамытушылық: сыни тұрғыдан ойлана білуге, қиялдай білуге, елестете білуге, өз бетінше ізденуге үйрету.

Тәрбиелік: пәнге қызығушылығын арттыру, қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

Дәрістің мақсаты: Америка Құрама Штаттарының қазіргі замандағы сыртқы саясатының басты бағыттары мен өзгерген әлемдегі халықаралық қатынастардағы Америка Құрама Штаттарының алатын ролін анықтау. 

Америка Құрама Штаттардың сыртқы саясаты-елдің басқа елдерге қатысты қолданатын сыртқы саяси мақсаттары мен әдістерінің жиынтығы. Елдің сыртқы саясатын президент анықтайды, мемлекеттік хатшы басшылығындағы мемлекеттік департамент жүзеге асырады. 

Сыртқы саясаттағы АҚШ көздеген ресми мақсаты-АҚШ азаматтары мен халықаралық қауымдастықтың мүддесі үшін қауіпсіз, демократиялық гүлденген әлемге қол жеткізу. Америка Құрама Штаттары халықаралық қатынастарда басты ролдердің бірін ойнайды, өйткені АҚШ әлем бойынша ең дамыған дипломатиялық өкілеттілік жүйесіне ие.

АҚШ сыртқы саясатына сын пікірлер. АҚШ сыртқы саясаттағы ұстанымдары кеңінен сынға тартылып отырды. Әсіресе, АҚШ-ның әлем бойынша елдерде болып жататын «түрлі-түсті революцияларға» қатысуы, түрлі елдерде коммерциялық емес қорлардың көмегімен АҚШ саясатын «қолдайтын» оппозициялық ұйымдарға қолдау көрсетуі, мемлекеттік төңкерістердің жасалынуына сырттай араласуы т.с.с. Кейбір бақылаушылардың пікірінше АҚШ әлемдік деңгейде үстемдік ету және бірполярлы әлем құру идеяларын жүзеге асыруға ұмтылыс жасап жатқандығы жыл өткен сайын айқын көріне түсуде, бұл идеяларды американдық саясаткерлер жасырмайтын да болған. 

Сөз соңында, қазіргі ғаламдық қарқынды даму кезеңінде халықаралық қатынастар мен геосаясатта Америка Құрама Штаттарының алатын орны ерекше, және біздің лекциямызды бұрыңғы дипломат және Пентагонның қызметкері Чез Фрименнің пірімен тәмамдағымыз келеді: «АҚШ сыртқы саясаты елдің басқа елдермен салыстырғандағы өзінің әскери артықшылықтарын сезінуге бағытталған күш көрсетуге негізделген. Сондай-ақ АҚШ басқа елдердің мүдделерін ескермейтін жәйттері де жоқ емес».

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. История внешней политики и дипломатии США. Отв.ред.Н.Н. Болховитинов.М.: Междунар.отношения., 1994 
2. Иноземцев Н.Н. Внешняя политика США в эпоху империализма.М: Госполитиздат, 1960 г.
3. Печатнов В.О., Маныкин А.С. история внешней политики США. М: Междунар.отношения, 2012 г